- Негізгі бет
- Сән
- Киім брендін анықтайтын...
Киім брендін анықтайтын қосымша
Фото:
vk.com
2017 жылы ScreenShop атты қосымшаның жарнамасы жақсы жүрген болатын. Киімді суретке түсіріп, оның қай брендке тиесілі екенін анықтайтын бағдарламаны Молли Гурвиц ойлап тапқан.
Жақында ғана Google оның жетілдірілген нұсқасын жасап шығарды. Ол Style Match деп аталады. Жаңа қосымша брендті анықтап қана қоймай, өзге қолжетімді нұсқасын табуға да көмектеседі. Адамның қалтасына қарай таңдау ұсына алады.
Қосымша әзірге тек Android және Google Lens камерасымен жабдықталған смартфондарға орнатылады. Style Match киімді сканерлеп, оның өзін немесе ұқсас түрін қай жерден қанша қаржыға сатып алуға болатынын көрсетіп береді.
А. Оралқызы