KFW: Kamila Kurbani топтамасында Алматы мен Астана қалаларының образы көрініс тапқан

KFW: Kamila Kurbani топтамасында Алматы мен Астана қалаларының образы көрініс тапқан

Қазан айының 16-жұлдызында еліміздің ең маңызды оқиғаларының бірі – Қазақстан сән апталығы басталды, - деп хабарлайды massaget.kz тілшісі. Біз сіздерге арнап топтамаларға шолу жасауды жөн көрдік.

 
     
 
     
 
     
 
     
 
     
 
     
 
     
 
     
 
     
 
   

Айнұр Тұрысбектің бокс әлеміне арналған жаңа топтамасы бойдағы сенімділікті арттырып, ақыл мен күшті тәрбиелейді. Спорттық мүсіндерден шабыт алған дизайнер сезімтал маталарға айқын пішіндер берген. Тұрысбек ұсынған киім жинақы, ең бастысы – ыңғайлы әрі динамикалық. 

Топтама негізінен былғары, немесе футуризмді еске түсіретін күміс түсті матадан тігілген. Бірден глэм-рок топтарын, ғылыми фантастиканы еске түсіреді. Кең етекті былғары комбенизон мен сәтен көйлектің ешбір театралды жасандылықсыз тігілгенін байқауға болады.

Argentum Kozhageldina ұсынған киімдердің дизайні less is more принціпіне сай келеді. Философиясы әлемнің түсініксіздігін меңзейді. Бір шетінен өзіміздің кім екенімізді ұмытпай, әрдайым бірінші болуға, сезімді ақылға жеңдіруге бағыттайды. Дизайнер Иероним Карл Фридрих фон Мюнхгаузеннен шабыт алатын көрінеді.

Aya Bapani образ бен өз жұмысының мистикалық табиғатын жеткізу үшін киіз матаны таңдаған екен. Ол тек жаңа киімдер ғана тігіп қоймай, киізді жұқа етіп өңдеудің жаңа тәсілін ойлап тапқан. Соңғы жылдары Бапани ханымның арқасында ұмыт болған бұл мата түріне сұраныс артуда. Сондықтан дизайнерді қазақ сәнінің ренессансы деп атайды.

Дизайнер жаңа топтаманы жасау үшін еліміздің табиғатынан шабыт алған. Аталған топтамадағы бас кейіпкер тау бөктерінде өскен қызғалдақтай нәзік.

Тарих тек маңызды оқиғалардан құралмайды. Көп жағдайда өткен шақты сол заманның музыкасын тыңдау, киносын көру, ата-әжелеріміздің әңгімесін тыңдау арқылы көз алдымызға келтіреміз. Осы аталғандар жадымыздағы детальдарды жаңғыртуға көмектеседі.

Дизайнер Kamila Kurbani топтамасында оңтүстік және солтүстік астаналарымыз – Алматы мен Астана қалаларының образы көрініс тапқан. 

Арнайы Massaget.kz үшін: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: @massaget.kz

Қ. Бүйенбай