- Негізгі бет
- Сән
- KFW финалын «Open...
KFW финалын «Open Way 2014» сайысы ашты
Оңтүістік астанамыз Алматы қаласында «Open Way 2014» атты жас дизайнерлер сайысы өтті, - деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.
Сайысқа ұшқыр ойымен көрермен көзайымына айналған 20-ға жуық талантты жас қатысты. Олардың әрқайсысы тапсырмаға сәйкес тақырыбындағы екі спорттық луктен ұсынды.
Сайыс нәтижесіне сәйкес үздік деп танылған 4 дизайнер туындыларын «Kazakhstan Fashion Week» подиумында көрсету мүмкіндігіне ие болды. Үлкен сән әлеміне жолдама алғандар: Дария Ақпарова, Дархан Жажаймурзиев, Александра Цхай және Айда Маханбетова. Бақыт иелерін әділқазы алқасы анықтады.
Ал гран-при 22 жастағы Жұлдызай Рысбекова бұйырды. Ол да өз топтамасын Қазақстан сән апталығында көрсетеді, және Копенгагендегі промо-турге аттанады.
Жұлдызай Рысбекова: «Луктарды дүниеге келтіру барысында белгілі бір спорт түрінен шабыт алдым деп айта алмаймын. Бар болғаны таңдауым футуризм мен минимализмге, және нейтралды түстерге түсті», - дейді.
Жұлдызай тек дизайнер емес, мұнымен қатар сүйікті жар, аяулы ана. Дәл қазір жұмыс істеп қана қоймай, бір жасар қызын тәрбиелеуде.
Біз өмір сүріп отырған заманда сән мен сұлулық ұғымдары әйел адамның денсаулығымен тікелей байланысты. 25 жыл қатарынан қазан айы сүт безі қатерлі ісігімен күрес айы болып жарияланып келеді. Kazahstan Fashion Week әлемнің Sanofi атты фармацевтикалық компаниясымен бірігіп, еліміздің онколог және радиолог мамандары қоғамы қолдауының арқасында «Сән мен Sanofi кеуде қатерлі ісігімен күреседі» атты дүниежүзілік инициатива шеңберінде өтіп жатқан жобаға ат салысуда. Жобаның басты мақсаты - халық арасында аты аталған аурумен күрес жүргізіп, кеуде қатерлі ісігі скринингін дамыту, және осы ауруға шалдыққан науқастарға қолдау көрсетуге үндеу.
Біз бұл тақырыптың кімге де болсын маңызды екеніне сенімдіміз, әрі сіз де қоғам проблемасына ат салысады деген үміттеміз. Күн сайын кеуде қатерлі ісігінен 112 әйел, яғни әр 15 минут сайын 1 әйел адам қайтыс болады. Жыл сайын 1,2 миллион адамның осы ауруға шалдыққандығы анықталады. Төрт жағдайдың үшеуінде 50-ден асқан әйел адамға осы диагноз қойылады.
Әлемде осы қатерлі ауруға шалдыққандар деп әйгілі Синтия Никсонды (диагноз 2006 жылы 40 жасында қойылған), Шерил Кроуды (2006 жылы, 44 жасында), Кайли Миноугты (2005 жылы, 36 жасында), Элизабет Эдвардсты (2004 жылы, 55 жасында), Жаклин Смитті (2002 жылы, 56 жасында), Кристина Элплгейтті (2008 жылы, 36 жасында) атауға болады.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан Республикасында соңғы 10 жылдың ішінде кеуде қатерлі ісігі әйелдер арасындағы онкологиялық аурулардың алдыңғы қатарына шыққан. Ал 2011 жылы жалпы онкопатолияның алдыңғы қатарынан орын алған.
Халық денсаулығына аса мән беретін мемлекеттер скринингтік бағдарламалар мен алдын алу шараларының арқасында 90%-ға дейін 5 жылдық өмір сүру сапасын көтерген. Аталған ауруды алғашқы кезеңдерінде мамографияның көмегімен әбден емдеп алуға болады. 2011-2015 жылдар аралығында жалғасып жатқан «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында осы шараларды елімізде жүргізуге көп көңіл бөлінуде.
«Open Way 2014» шарасы барша әйелді денсаулығын сақтауға үгіттеп қана қоймай, жас дизайнерлерге шабыт сыйлап, биік самғауға қанат сомдады.
Арнайы Massaget.kz үшін: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: @massaget.kz
Қ. Бүйенбай