- Негізгі бет
- Сән
- Кейт Миддлтонның тартымды...
Кейт Миддлтонның тартымды 12 бейнесі
Жақында Кембридж герцогы мен герцогинясының Жаңа Зеландия мен Австралияға сапары басталған болатын. Сапардың саяси және әлеуметтік маңыздылығын айтпағанда, патша өкілдерінің жанкүйерлерін көпшіліктің алдына герцогиня Кейт Миддлтон қандай көйлекпен шығатыны қызықтыратыны рас. Бүгін сіздерге Кембридж ханшайымының Жаңа Зеландия мен Австралия сапарындағы "сәнді марафонындағы" және жалпы 12 үздік бейнесін назарларыңызға ұсынамыз.
Сиднейде Пасха мерекесіне орай өткен концерттегі герцогиняның бейнесі жаз мезгілінің лебін сездіргендей болды. Кейттің мақта матадан тігілген Zimmermann аппақ шілтер көйлегі мен L.K Bennett жайпақ табан босоножкасы қарапайым әрі биязы көрінді.
Тауға шығу сапарына Кейт Миддлтон көк түсті тамаша бейне жасаған: Diane von Furstenberg-тен шығыс өрнекті ала көйлек, Russell & Bromley-ден қою көк күдері клатч және платформалы Stuart Weitzman туфлиі.
Ал Сидней әуежайында герцогиня жылтыр ендірмесі бар, ашық сары Roksanda Ilincic қонымды көйлегімен күн жарығындай жарқырап жүрді. Оны классикалық сарғыш қайықша туфли және кішкентай күміс түстес клатчпен үйлестірген.
Жаңазеландиялық колледжді аралау барысында ол тағы сүйікті қою көк түсіне тоқталған екен. Оның бейнесі бір мезетте классикалық, қатал және өте биязы екенін байқаған шығарсыздар? Rebecca Taylor-дан твид комплект классикалық белдемше + жеңі қысқа пиджак өте ұтымды шешім.
Кейт бір киімді бірнеше рет киіп шығуға болмайды деген ақсүйектер ережесіне аса назар аудармайтын сыңайлы, сондықтан екі, кейде, тіпті, үш рет бір киімді түрлі шараларға киіп жүре береді. Соның бір мысалы – қара белдігі және үлкен түймелері бар Luisa Spagnoli қызыл костюмі.
Кейттің жоғары лауазымы мен қаражатына қарамастан киім таңдауда аса қарапайым екенін байқауға болады. Және көпішілік оны осы қасиеті үшін қадір тұтады. Шаралардың біріне Миддлтон қою көк Zara пиджагын және J Brand-тен қарапайым қонымды шалбарын киіп барған. Ал бұл киімдер орта табысты кез келген қызға қолжетімді.
Көзтартарлық және нағыз корольдік бейнесін ол бір жолы Dunedin әуежайында көрсетті. Көк аспан түстес Emilia Wickstead классикалық көйлегі мен дәл сол түстегі Jane Taylor қалпағын киіп, Кейт биязы да, сұлу бейнесін айқындады.
Блейнхеймде өткен салтанатты шараға Кембридж герцогинясы Alexander McQueen көктем-жаз 2014 топтамасынан милитари стиліндегі ашық көк көйлек-пальтосын киіп барған. Пальто жинақы белдікпен, қатал жағамен және үлкен қалталармен әсемделген. Аксессуарлардан ол Stuart Weitzman қою көк күдері клатч пен сол түстес қайықша туфлиді таңдаған.
Спорттық кешен мен регби ойынын тамашалау барысында патша отбасы өздерінің спорттық дайындықтарының да жақсы екенін көрсете алды. Спорттық шара үшін Кейт тақырыпқа сай киініп барған: Jonathan Saunders жеңіл тоқылған жемпірі, қою көк түзу джинсы және қарапайым сұр кеды.
Жаңазеландиялық кемеге де Кейт соған сай дайындықпен барған. Бұл жолы да ірі капитандық түймелері бар Zara қошқыл блейзері, жолақты тельняшка-футболка және ықшамды джинсы киген. Тақырыптық және қарапайым бейнесін тоз табан көк туфли толықтырған.
Кембридж герцогинясына күнделікті бейнелермен қатар, кешкі әсем бейнелерді жасау да аса қиынға соқпайды. Елизавета II портретінің салтанатты ашылуына Кейт тізеден сәл төмен түсетін Jenny Packham қара көйлегін таңдаған екен. Көйлектің иығын күміс өрнектер сәндеп тұр.
Жаңа Зеландияға патша отбасы сақадай сай дайындықпен келді. Герцогиня Catherine Walker-дің қанық қызыл түсті пальтосын таңдаған және оны гауһартасты ірі танамоншақпен әсемдеген. Бейнені дәл сол түстес Gina Foster классикалық қалпағы толықтырған.
Сурет: vev.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина
A. Mustafina