Кейт Миддлтон бір сырғаны бесінші жыл қатарынан тағып жүр

Кейт Миддлтон бір сырғаны бесінші жыл қатарынан тағып жүр
Фото: instagram.com

Кембридж ханшайымы Кейт Миддлтон жоғары лауазымына қарамастан, қарапайым киінетін жұлдыздардың қатарына жатады. Ханшайым бір көйлекті бірнеше жерге киюден тартынбайды. Тіпті бір белдемшені қарапайым адамдар секілді бірнеше жейдемен үйлестіріп киіп, жұрт алдына шыға береді.

Annoushka брендінің шебері ханшайымға арнап жасап берген маржан сырға – Кейттің сүйікті аксессуары. Бұл сырғасын кешкі отырысқа да, күнделікті өмірде де тағатын ханшайым екінші рет балалы болып перзентханадан шыққанда әшекейді құлағынан тастамаған. Осылайша сүйікті маржан сырғасын бесінші жыл қатарынан тағып келеді. Ақсүйек әйел бұл әрекеті арқылы көпшіліктің таңданысын тудырды. Әлем Кейт Миддлтонды жұртқа жақын жүретін билік өкілі ретінде таниды. 

Р. Роза