Кеуде орамалын тағу дәстүрі қайдан шыққан?

Кеуде орамалы галстукпен жақсы үйлесім табады. Бірақ екеуінің де бірдей материалдан жасалуы жастарға емес, көбіне үлкендерге жарасады. Қиялға ерік беруге де болады. Тек шамадан тыс асырмаңыз.

Кеуде орамалы өзге киімдеріңізбен түс, форма, дизайн жағынан үйлесуі тиіс.

Кеуде орамалы неден жасалады? Бірнеше жасалу нұсқасы бар: мәселен, мақтадан, жібектен, лён гүлінен жасалады. Жібектен жасалған орамал, әрине қымбаттау. Орамалдың жиектері қолмен тігілсе де бағасы арта түседі.

Джентльмендер бұл орамалды сән үшін тағады, ал тер мен мұрын сүртуге басқа орамалды шалбар қалтасында сақтайды.

Мақта мен лён гүлінен жасалған нұсқалары арзан. Бірақ мұнда да өңделуі мен тігілуіне назар аудару керек.

Тарихы

Әрине, кеуде орамалы басында аксессуар ретінде емес, белгілі бір қызмет үшін тағылған. Мәселен, ІІ ғасырда Қытайда бет орамал пайдаланыла бастапты. Ал ортағасырларда орамал тағу махаббаттың символы ретінде қабылданды. Аренаға шығатын гладиаторлар сол орамалмен өз махаббаты үшін жан пида ететінін көрсеткен. XVI ғасырда орамалды абыройлы, ауқатты отбасылардың әйелдері ғана тағатын болыпты. Олардың түр-түрін тоқып, сосын әтір сеуіп қоятын болған. Ал шығыс елдерінде орамалды ханзадалар тағатын болған. Оны әйел адамға қаратып тастау оған деген зор құрметті білдірген. Бұл дәстүр Түркияда XIX ғасырға дейін сақталып келген екен.

Бет орамалға ең бірінші болып патент енгізген Германияның Геппинген қаласындағы "Крум" тігін фабрикасы. Бүгінде қағаз орамалдың орнын матадан тігілген орамал басты. Бірақ кейінгі кезде жеке гигиена үшін арнайы қағаз орамалдар шыға бастады.

Ренессанс дәуірінде орамал ер адамның қажет деп санайтын аксессуарына айналды. XVI ғасыр данышпаны Эразм «Мұрынды жеңмен сүрту – мәдениетсіздік» деп айтқан екен. Ағылшын королі Ричард ІІ де Эразмның осы сөзін қайталап, өз елінде адамдар мұрнын арнайы орамалмен сүртсін деп заң шығарады.

Міне, содан бастап, қызметтік орамал мен аксессуар ретінде тағылатын орамал бүгінге дейін жетіп отыр.

Кеуде орамалының қарапайым тағылу жолдарын ұсынамыз:

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: robbreport.ru, mhealth.ru