- Негізгі бет
- Сән
- Кешке арналған шаш...
Кешке арналған шаш үлгісі
Фото:
massaget.kz
Шаш үлгісін жасау үрдісі жалғасын тауып жатыр. Бүгінгі шаш үлгісі мерекелік кешке арналады. Әсіресе иықтан түсетін шашқа әдемі жарасады. Ұзын шаштан үлкен түйін пайда болады. Қажетті заттар: тарақ, резеңкелер мен қыстырғыштар. Сонымен, бастаймыз.
Шашты бөліктерге бөліп аламыз.
Алғашқы бөлікті үш өріммен өреміз.
Өріп келе жатып, орта жолдан буылған бос шашты алып отырамыз.
Соңғы буылған шаш бөлігін қосып, ұшына дейін өреміз.
Шаштың ұшын түйеміз.
Мейлінше қыстырғыштардың көп болғаны дұрыс. Түйілген шаш берік тұрады.
Өрімді де, түйінді де "ашамыз".
Міне, шаш үлгісі дайын.
Г. Берік