Әдетте заманауи аруларымыздың көпшілігі үйге қарағанда жұмыс орнында көп уақытын өткізіп жатады. Сондықтан да кеңсеңізде күніңіздің жайлы әрі сәтті өтуі үшін әрдайым жаныңыздан табыла кететін бірнеше заттар болуы керек.
Біз осыған дейін нәзік жандыларың косметика салатын сөмкесі туралы айтқан болатынбыз, ал бүгін "іскери косметикалық сөмке", яғни жаз мезгілінде жұмысқа керекті заттар салынатын косметикалық сөмке туралы бірер сөз қозғап көрелік.
Әрбір ханымның жадында өз ыңғайлылығы үшін керекті заттар жиынтығының болатындығы сөзсіз. Алайда, ол иіссудан, далаптан немесе газет-журналдан аспауы мүмкін. Біз ұсынатын әмбебап кеңестер сіздің талғамыңызды арттырып, күнделікті өміріңізді сәнді етеді деп сенеміз. Сонымен, жаз маусымында сөмкеңізде қандай заттар болу керек?
Бейтарап иісті иіссу. Айналаңызды жағымыз иістермен шошытып алмаймын десеңіз косметикаға арналған сөмкеңізде немесе жұмыс үстелінің тартпасында иіссу болуы керек. Өзгелерге зияныңыз тимес үшін исінің тым өткір болмауын қадағалаңыз.
Тегістейтін сулықтар. Олар майлы теріге ие аруларымызға ауадай қажет. Мұрындағы, маңдайдағы, иектегі майлы темірлер ыстық күндері теріңіздің құпиясын жария ете салады.
Мақта дөңгелектері. Ыстықтан сүрмеңіз ағып, макияжыңыз сыр беріп жатса қайтпексіз? Сондықтан тартпаңызда міндетті түрде орамадағы мақта дисктері тұруы қажет.
Жеке гигиенаға арналған құралдар. Қыз баласына қажетті осындай құралдар сіздің сөмкеңіздің төрінен орын алуы керек. Жұмысыңызда әжетхана құралдары бар болғанның өзінде артықтық етпейді.
Қолға арналған крем. Күн көзінде жүрмегенніңің өзінде құрғақ ауа қол терісінің жағдайын мүшкіл етеді. Мұның УФ-фильтрлі крем болғаны дұрыс. Жеңіл құрылымды кремдер тез сіңеді әрі киіміңізді, қағаздарыңызды бұлғамайды.
Күн көзінен қорғайтын көзілдірік. Ыстық ауа-райына қарамастан көптеген кеңсе қызметкерлері сыртқа шығып тамақтанғанды құп көреді. Осындайда жаныңыздан көзілдірік таба кетсе керемет емес пе?
Жұмыс күндеріңіз сәтті әрі жайлы өтсін, ханымдар!
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: zewa.ru