Кемшілік демекші, түрі қорқынышты немесе дене мүшесі кем жандардың көбі өз кейіптерінен қысылмайды. Керісінше, оны пайдаланып, өз мамандығын соған бейімдеп, табыс көзіне айналдырады. Мысалы, фильмдер мен спектакльдерде ойнайды. Режиссерлер мен продюсерлер елдің назарын аудару үшін ерекше кейіпкер ойлап табамыз деп басын ауыртпайды. Біз осындай жандарды үлгі тұтамыз.
Басы
Кейбір мүгедек жандар бар күшін еңбек етуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмсайды. Бұл да мақтауға лайықты жайт.
Ал біз сіздерге өткен жолғы мақаламызда өзіңіз қымсынатын дене сымбатыңыздың мінін бүркемелеуге болатынын айтқан болатынбыз. Бұған сізге кәсіби маман – тігінші көмектеседі.
Қандай маталарды таңдаған жөн?
Химия өндірісі қарыштап дамыған сайын күнде бір матаның түрі пайда болып жатыр. Дегенмен бізге қажеттісі табиғи не жартылай табиғи маталар. Оларға жүн, жібек, мақта, зығыр, бөз, твид, бәтес, сәтен, саржа, кашемир, драп, букле, пүліш, т.б. жатады.
Синтетикалық маталар киім тіктіруге қолайсыз. Себебі бір-екі күн кигеннен әтірдің исіне адамның өз иісі қосылып, қолқаны қабатын жағымсыз иіс пайда болады. Жасанды матадағы жағымсыз иістен арылу қиын.
Вискозаның жөні бөлек. Бұл мата сапасы, төзімділігі жөнінен мақта мата мен зығырдан кем түспейді. Жазғы көйлек пен блузаны вискозадан тіктіре аласыз.
Табиғи маталардың бағасы жоғары болады, есесіне сапалы, төзімді, бірнеше жыл кие аласыз. Негізінен, табиғи матаға синтетикалық талшық араластырылған түрі тиімді, себебі мыжылмайды.
Кейбір маталар мысалы, вискоза, шыт жуғанда қысқарып кетеді, оны да ескергеніңіз абзал. Әдетте тігіншілер мұндай маталарды бір жуғызып алып, тігеді.
Егер қандай мата таңдауды білмесеңіз, тігіншімен кеңесіңіз. Өйткені маталар киілетін киімнің маусымына, пішіміне байланысты қарастырылады. Болмаса интернетке де жүгініңіз, сізге қажетті мәліметтер сайттарда бар.
Сурет: ©Рауан Мұсабаев
Ұқсас жазба:
Адам көркі – шүберек