- Негізгі бет
- Сән
- Қазақстанның ең стильді...
Қазақстанның ең стильді тележүргізушілері
Олар қызықты телебағдарламаларды жүргізіп, түрлі мерекелік шараға атсалысады. Сыртқы келбетіне мән беріп, суреттері журналдардың мұқабасында тұрады. Өздеріне ғана тән жеке стильдері де бар.
1. Баян Есентаева
Бұған дейін де талай жерде ерекше талғамымен көзге түскен болатын. Ол – тележүргізуші, әртіс, продюсер. Оның образдарынан «мінезі қатал» әрі нәзік әйелді байқаймыз. Баян бәрінен де әдемі көйлек киюді жөн көреді. Ал күнделікті тұрмыста қарапайым, өзіне ұнайтын киімдер киеді.
2. Динара Сатжан
2013 жылы Red Carpet иесі атанған, журналист әрі тележүргізуші. Өзін ерекше күтеді. Үнемі көзге бірден түсетін әшекей тағады. Динара да көйлек кигенді ұнатады.
3. Аружан Саин
Қайырымдылық қорының директоры, спорттық бағдарламалардың тележүргізушісі. Оның каре шаш үлгісі бірден көзге түседі. Көбінесе іскерлік және спорттық киімдер киіп жүреді.
4. Аша Матай
Әртіс әрі тележүргізуші Аша Матайды көбісі сүйкімді, сұлу деп ойлайды. "Brosh" эксклюзивті бұйымдарды жарнамалайтын Аша көлемді әшекейлер таққанды ұнатады. Мұнымен қатар, тележүргізуші "Malique" брендін жарнамалаған.
5. Адиль Лиян
Түрлі жобаның авторы, тележүргізуші Адиль Лиян жарқын түсті киімдер киеді. Оның гардеробында іскерлік костюмдер мен джинсы, кеды бар.
6. Алена Петрова
Бұл тележүргізушінің шаш үлгісі қарапайым болса да, көзге бірден түседі. Шашын бірде түйіп, бірде өріп жүреді. Стилі туралы айтар болсақ, Алена да көйлек кигенді жөн көреді.
7. Айгүл Мукей
Тележүргізуші табиғи сұлулық пен ұстамдылықты жақтайды. Киім киюдегі классикалық минимализмі мен табиғи макияжы оны кербез етіп көрсетеді.
8. Аружан Жазылбекова
Әртіс әрі тележүргізуші нәзік болып көрінуге тырысады. Әшекей бұйымдарға деген ерекше қызығушылығын байқау қиын. Алайда кейде әдемі сырғалар тағып жүргенін байқауға болады.
9. Әйгерім Есенәлі
Әрдайым мінсіз мүсініне сай көйлектер киіп жүреді. Өзінің артықшылықтарын көрсете біледі.
10. Маржан Сұлтанбаева
Тележүргізуші өзгелерге ұқсағысы келмейді. Бір кездері шашын камераның алдында қырып тастаған болатын. Дәл қазір Маржанның стилі қарапайым, алайда көзге бірден түседі.
Сізге қай тележүргізушінің стилі көбірек ұнады?
Дереккөзі: ztb
Қ. Бүйенбай