Қазақстандық «Malli» бренді әлемге таралуда

Қазақстандық «Malli» бренді әлемге таралуда

Киім мен аксессуарлар сататын «MORE is LOVE» интернет дүкені әлем бойынша 2013 жылы ашылған еді. Жоба бір жыл бұрын ғана ашылғанына қарамастан, қарқынды жұмыс істеуде. Қазақстандық «Malli» бренді үшін атақты дизайнер Мәншүк Қуанышова өзінің қолөнер бұйымдарын ұсынады. Мұнымен қатар Мәншүк «MORE is LOVE» дүкені арқылы өзінің туындыларын бүкіл әлемге таныстыра алады. Енді «Malli» брендінің атауы «LeiVanKash», «Maria Stern», «Eshvi», «Crystalline», «Ek Thongprasert», «Shourouk», «Mawi» сынды брендтермен қатар аталатын болады.

«MORE is LOVE» дүкенінде қазақстандық сәнқұмар қыздардың көзайымына айналып үлгерген «Malli Renaissance» аксессуарлары сатылады. «Malli Renaissance» дегеніміз – алтынмен көмкерілген күміс сақиналар және цитрин, көгілдір топаз, перидот секілді тастары бар әшекейлер.

Мұнымен қатар интернет дүкен ең керек жаңалықтар мен түсірілімдерді баяндайтын журнал шығарады. MORE is LOVE интернет дүкенінің соңғы жаңалығының бірі – сәнбике Эльнара Бакирдің қатысуымен өткен түсірілім. Эльнара - Әзірбайжан дизайнерлерінің өкілі.

«MORE is LOVE» интернет дүкенінің негізін қалаушылардың бірі Нино Элиава өз сөзінде: «Malli» - қазақстандық брендтердің ішінде біз алғаш жұмыс істейін деп отырған жоба. Оның дизайнері Мәншүк өте талантты, жарқын, қызықты бойжеткен. Және оның туындылары бізге өте ұнайды. Болашақта осы жұмысымыз жемісін береді деген үміттеміз», - дейді.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: buro247.kz

Қ. Бүйенбай