Қазақстандық дизайнер теңгенің суреті бар киімдер шығарды

Қазақстандық дизайнер Камила Құрбани теңгенің суреті бар свитшоттар шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан табиғаты, қала сәулеттері туралы патриоттық суреттері бар киімдерінен кейін Камила Құрбани ұлттық валютаның 1993 жылғы үлгілерін қолдануды ұйғарыпты. "Біздің ескі теңгелерімізде қаһармандарымыздың суреті бар - Абылай ханның, Құрманғазының, әл-Фарабидің, Абай Құнанбаевтың - жас ұрпақ ұмытпауы үшін патриотизмді сақтап қалғым келді", - дейді дизайнер.

Свитшоттар табиғи мақтадан жасалған, оны дизайнер шетелден арнайы алдырған. Мұндай киімнің құны - 25 мың теңге. 

© Ruslan Osmanhanov