"Қазақстан Аруы" кастингіне қатысам деушілердің саны көп болғандықтан, байқаудың Ұлттық Дирекциясы онлайн-өтінімдерді қабылдау 2014 жылдың 5 қазанына дейін жалғасатынын жариялайды.
Бүгінде 1 500-ден астам бойжеткен асқақ арманына жақындап, “Қазақстан Аруы-2014” байқауында бағын сынауды ұйғарыпты. Әділ-қазылар Алматы, Астана және Талдықорған сияқты үш қалаға барып, өз өңірлерінің лайықты аруларын іріктеп алды. Егер қандай да бір себептермен бойжеткен өз қаласындағы кастингке келе алмаса, ол күні бойынша сәйкес келетін кез келген басқа қаладағы кастингке сөзсіз бара алатынын естеріңізге сала кетейік. Кастингтің кестесін байқаудың ресми сайтынан білуге боалды.
Қатысушыларға қойылатын талаптарды тағы бір пысықтап кетейік: жас шамасы 16-27 аралығында болуы керек, сыртқы келбеті тартымды, бойы 168 см-ден жоғары болуы тиіс, хореографиямен, вокалмен айналысу қажет етіледі, тілдерді меңгеру қабілеті бәсекеге түсетіндерге үлкен мүмкіндік береді.
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова
Сурет: news.nur.kz
"Қазақстан Аруы" байқауына қатысу қанша тұрады?
"Қазақстан Аруы – 2014" жеңімпазы 1 миллион теңгеге ие болады
2009–2013 жылдары "Қазақстан Аруы" тәжін киген арулар