- Негізгі бет
- Сән
- "Қазақстан аруы –...
"Қазақстан аруы – 2016" жеңімпазы жарияланды
Елімізде жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін "Қазақстан аруы – 2016" байқауының жеңімпазы анықталды. Қазақстанның әр түкпірінен іріктеліп келген аруларымыздың байқауы биыл ерекше болды. Сахна төрінде Дина Нұрпейісова, Күләш Байсейітова, Әлия Молдағұлова бейнелері сомдалды. Сұлулық пен нәзіктік, ар мен әр, талғам мен сымбат бір арнада үндескен бұл байқаудың жеңімпазы Қызылордалық 18 жастағы Гүлбану Әзімханова болды. Қатысушы қыздардың өнерлерінен бөлек әділ қазылар алқасы білімдерін де тексерді. Жеңімпазға 5 000 000 теңге көлемінде сыйлық және "Әлем аруы" байқауында Қазақстанның намысын қорғауға мүмкіндік туып отыр.
Әділ қазылар қатарында мәжіліс депутаты Зағипа Балиева, Олимпиада жүлдегері Василий Левит, т.б танымал адамдар болды. 25 қатысушының арасындағы ең кішісі – 16 жаста. Астананың төрінде өткен бұл сайыстың тізгінін ұстағандар – танымал тележүргізуші Динара Сәтжан және Астана опера театрының солисі Сүндет Байғожин. Сонымен қатар Айқын Төлепберген, Мақпал Исабекова, Қайрат Баекенов сынды әншілер кештің көркін қыздырды.
Ә. Жутаева