- Негізгі бет
- Сән
- "Қазақстан Аруы –...
"Қазақстан Аруы – 2013" Айдай Исаева "Жаһан Аруы – 2014" байқауына дайындық үстінде
"Қазақстан Аруы – 2013" байқауының тәжін киген Айдай Исаева "Жаһан Аруы" байқауының ресми сайтында пайда болатын фотосессияға түсті. Фотосессия тізгінін танымал отандық фотографтың бірі Данил Олейник қолға алды. Фотосессияда Қазақстанның ең сұлу аруы үш рет киім ауыстырып, Sherri Hill ұсынған салтанатты кешкі көйлек, іскерлік және күнделікті киім үлгісін көрсетті.
Қазір Айдай Исаева 25 қаңтарда Майамиде (АҚШ) өтетін "Жаһан Аруы – 2014" сұлулар байқауына дайындық үстінде. 25 жастағы Айдай Исаева Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің түлегі, бүгінде ауруханада дәрігер болып қызмет етеді. Айдай күндіз жұмыста болып, кешкісін спортпен айналысады. Ағылшын тілінің курсы, телеарналарға сұхбат беру, іс-шараларға қатысу – Айдайдың күнделікті дағдысы.
Біз төрткүл дүние көз тігетін байқауда ел намысын қорғайтын Қазақстанның нөмір бірінші сұлуына сәттілік серік болсын дейміз!
"Қазақстан Аруының" баспасөз қызметі
Сурет: ©Юрий Якуба
М. Оңғарова