Қазақ Елінің көк туы бейнеленген көз линзалары сатылымға шықты

Елімізде мемлекеттік ту бейнеленген линзалар сатылымға шығарыла бастады. Ерекше линзалар арнайы тапсырыс бойынша Оңтүстік Кореяда жасалыпты - деп хабарлайды Baq.kz тішлісі.

 Жобаны әзірлеу мен өнімді дайындауға жарты жыл уақыт жұмсалған. Қазақстанда мұндай жоба алғаш рет қолға алынып отыр. Өнертабыс авторының айтуынша, линзаларды кез-келген жастағы қазақстандықтар сатып ала алады.

«Қазақстан туы бар линзалар – бұл спорт патриоттарының көптен күткен арманы десе де болады. Біз каталогты ақтарып бұған дейін де мемлекет туы жапсырылған линзаларды қарап шықтық. Жыл сайын спортқа деген махаббат артып келе жатқан соң, мұндай өнім біздің нарыққа да керек деген шешімге келдік. Қазақстан бүгінде жақсы спорттық көрсеткіштерге қол жеткізіп, халықаралық аренада өзін мойындата бастады. Соған сәйкес жанкүйерлердің де қарасы көп. Өнімді жасауға түрткі болған да сол», – дейді интернет-дүкеннің директоры Әнуар Асылбеков.

Дерек көзі: baq.kz