Қыз – сұлулық символы. Бетіне бояу жақса да, түрлі әшекей тақса да, әйел заты боп жаралған соң, өзіне күтім жасап, әдемі көрінуге тырысады. Әр қыздың өзіне тән сүйкімділігі, тартымдылығы, ерекшелігі бар. Ал әр ұлт өкілі өзінің осындай әдемі қыздарымен мақтана алады. Шаңырағының берекесін кіргізіп отырған әйел затын бетке ұстай алады.
Ресей журналисі Наталья Иванова әр ұлт өкілінің қызын суретке түсіріп, бір жоба ұсынды. Портрет ең қиын жанр дейміз. Бұл сөзімізге осы істер дәлел болады. Түсіне білген адамға көз көп нәрсе айтады. Сұсты не жайдары жанардан ұлт болмысын да тануға болады.
«Ұлттық сұлулық бастауы» (Les origines de la beauté) жобасына 57-ден астам ұлт өкілі қатысқан. Кез келген қыз өз ұлтының айнасы бола алады. Оларға тек бірнеше шарт қойылады. Ата-бабасы үш атадан әрі таза сол ұлт өкілі болуы керек. Сырт келбеті тартымды әрі суретке сәтті түсуге қабілетті, 18-30 жас аралығында. Талабы көп болғанымен, Наталья ең әдемі қыздарды таңдап алған. Өзіңіз куә болыңыз.
Шугнандар – Тәжікстандағы және Ауғанстандағы памир халқының ең көп тараған түрі.
Бенгалдар – әлемде ең көп тараған ұлттың бірі. Көпшілігі Бангладеште және Үндістандағы Оңтүстік Бенгалия штатында тұрады.
Сербтер – оңтүістік Славян жерін мекендейтін халық. Басым бөлігі Сербия, Черногория, Босния және Герцеговина, Хорватия, Германия, Австрияда тұрады.
Еврейлер – ескі семит халқынан шыққан. Байырғы Израиль және Иудей патшалығының жұртына кіреді.
Құмықтар – түркітілдес халық. Дағыстан халқының жұрнағы десе де болады, Әзірбайжанда, Кавказ жерінде көп кездестіруге болады.