- Негізгі бет
- Сән
- Каспий жағалауында өткен...
Каспий жағалауында өткен сән көрсетілімі
Сән өнерінің соңғы жаңалықтары кім-кімге де қызық. Әдетте Fashion көрсетілім бір ғимарат ішінде өтсе, фестиваль қарсаңында теңіз жағалауында, ашық табиғат аясында сән киім үлгілері көрсетілді. Теңіз толқынымен қарсы жүрген сұлулардың киімдері ерекше көз тартарлықтай. Бір мақтанатынымыз, отандық дизайнерлер ұсынған киім үлгілері өзге елдің мамандарынан артық болмаса, кем түспейді. Aида Қауменова, Кенже Девятко сынды қаракөз қыздарымыз дайындаған киім үлгілері қазақтың рухани өмірімен, мәдениетімен астасып жатқандай әсер қалдырады.
Көрсетілімге «Aida KaumeNOVA», «Нұр Шах», «KENJE», «Мария ханым» секілді Қазақстанның танымал Сән үйлері қатысты. Сондай-ақ, жас дизайнерлер — «Сән мен Сахна – 2015» халықаралық фестивалінің жеңімпазы Мадина Масақова, Назипа Тұрысбекова және «BB LADIES» сән үйі өз топтамаларын паш етті. Ilknur Tutuncu және Kerime Dincerol түрік дизайнерлері көрсетілімге қонақ ретінде қатысты.
Айгүл Дәден
7292info.kz