Адамды тартымды етіп көрсететін - оның көзі. Ал сол көздің көркін қас пен кірпік ашатыны анық. Олар болмаса, көз тартымынан айрылады. Көз сәнін келтірген қасты күтудің жолдарымен бөліспекпіз. Әрине, басты әңгіме қас жұлу туралы болмақ. Оған қалыпты форма салу, уақытылы салондарға барып күзеу, күту – қыздардың алдыңғы орында тұрған мәселелерінің бірі екені жасырын емес.
Қасты түзету
Сұлулық салондарында қасты түзетудің мынандай әдістері қолданылады:
- депиляция (қосымша өскен қастардан құтылу);
- қасты бояу
- татуаж жасау
Салонда түзетіп алған қасыңызды арықарай уақытылы жұлуды, күтуді өз мойныңызға алыңыз. Формасын бұзып алмас үшін қосымша өсетін қастардан тазартып декоративті косметикалармен бояп тұрсаңыз да болады.
Қас жұлатын кезде аса керек саймандар: үлкен көлемді айна, қас жұлғыш, залалсыздандырушы лосьон.
Сізде «Үлкен көлемдегі айнаны қайтпекпін?» деген сұрақ туып отырған болар. Үлкен айна арқылы сіз екі қолыңызда да босатып, ісіңізбен еркін айналыса аласыз. Сонымен қатар, түзетіп отырып екі жақ қасыңызды да көріп отыратын боласыз.
Қас жұлу процессімен айналысып жатқаныңызда бөлме міндетті түрде жарық болуы тиіс. Мүмкін болғанынша, қасыңызды түн уақытында жұлмай-ақ қойыңыз.
Қолыңызды жиі жуып тұрыңыз. Бетіңіз бен қасыңызды залалсыздандыратын лосьонмен сүртуді ұмытпағайсыз. Ал қас жұлғышты спиртті мақтамен сүртіп алыңыз.
Қас жұлудың техникасы қиын да емес. Оның жай ған бірнеше құпиясы бар. Қосымша өскен қастарды жұлғанда оның түбін қалдырмай жұлуды қадағалаңыз.
Және қас жұлғышпен дәлдеп алып, бірден жұлып алуға асығыңыз. Егер орны ауырса, аздап уқалап қойғанның еш зияны жоқ. Бірақ бәрін тез-тез жұлам деп бүлдіріп алмаңыз. Қас жұлғышқа бір ғана қасты іліп алыңыз да, қалғандарын да біртіндеп жұла бастаңыз. Бірден барлығын жұлсаңыз, бәрі сәтті жұлынбайды. Егер қас жұлынған орын қатты ауырып бара жатса, мұз бассаңыз да артық емес.
Егер қас формасын бұзып алсаңыз, арықарай тағы да бүлдіріп қоймас үшін қас жұлуды доғара салыңыз. Содан соң формасын түзету үшін сұлулық салонына асығыңыз.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: ona-znaet.ru, you-fit.ru, naffig.ru