- Негізгі бет
- Сән
- Карл Лагерфельд мансабын...
Карл Лагерфельд мансабын аяқтауы мүмкін
Фото:
vk.com
Page Six басылымының хабарлауы бойынша, Chanel сән үйі өткізгелі отырған келесі көрсетілім оның басшысы Карл Лагерфельдтің соңғы шоуы болуы мүмкін.
Өйткені, мамыр айында Кубада барша сәнсүйер қауымды бір жерге тоғыстыратын шарада атақты дизайнер осы шешімін хабарлайды деген болжам бар.
"Ол расымен шаршады. Карл мансабына нүкте қоюға дайын, себебі, бұл сала оған бұрынғыдай ләззат сыйламайды, " – депті аноним қалуды жөн көрген дизайнердің жақын досы.
Лагерфельд өз жасын жасырады. Десе де, оның биографы Алисия Дрейктің айтуынша, дизайнер қыркүйек айында 83 жасқа келеді екен.
Естеріңізге сала кетейік, даңқты Chanel сән үйі 1983 жылдан бері осы талантты куткрьенің қолының астында жұмыс істеп келеді.
А. Оралқызы