Милитари деп әскери элементтері бар киім үлгісін айтады. Соңғы кездері дизайнерлер милитари стилінде көптеген сән үлгілерін жасап жүр.
Енді хаки түсті шұбар киімдер тек әскермен ғана байланыспай, көше сәніне де айналып келеді. Және де қыздар бір қарағанда дөрекі күртешелер мен шалбарларды ерекше әсемдікке бөлейді. Свитерді белдемшемен үйлестірсе, көлемді күртешелерді жіңішке шалбарлармен, ал кең шалбарды – ашық туфлимен жарастырған.
Мұндай стиль қыздарға батылдық пен жауынгерлік рух береді. Ал сәнді аксессуарлар мен биязы киімдермен үйлесімділік ішкі нәзіктікті көрсетіп тұрады.
Камуфляж жейделер сәнді қыздардың жакеттер мен күртешелерін алмастырды
Камуфляжда сарбаз сияқты көрінбес үшін мұндай бұйымдарды биязы киім және аяқ-киімдермен үйлестіріп киіңіз. Мысалы, босоножка және клатчпен...
...плисси белдемшелермен...
...биік тақалы туфлимен.
Камуфляжды біртүсті киімдермен үйлестірген жөн (қара, қоңыр) немесе дениммен.
Ал аксессуар таңдауда шектеу жоқ. Тіпті ашық, жарқын туфлимен де кисеңіз болады.
Түп негізі камуфляж ерлерге арналса да әйел болмысы оны биязы әрі нәзік етеді.
Камуфляжды барынша қысқа белдемшелермен киген жөн...
...Бірақ кейбіріне тіпті макси етекпен де жарасады.
Айта кету керек, біздің елде тележүргізуші Маржан Сұлтанбаева милитари стилін насихаттап жүр. Ол әскери үлгідегі қыздар киімін өзі тігеді, әзірге тек телебағдарламаға. Алайда, болашақта осы сән үлгісі қазақстандық арулар арасында танымал болса құба-құп болар еді.
Суреттер: woman.ru, wmj.ru және Маржан Сұлтанбаеваның әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасынан алынды
Дайындаған: Анар Мұстафина