- Негізгі бет
- Сән
- Қалыңдық көйлегіне ерекше...
Қалыңдық көйлегіне ерекше идея: Дженнифер Лопес фатаның орнына селдір капюшон киді
Фото:
elle.ru
Дженнифер Лопес-Аффлек өзінің ресми неке қиюына киген көйлегінің құпиясын ашты, - деп хабарлайды elle.ru.
Өткен демалыс күндері Джорджия штатында Бенмен бірге үйдегі алтарьға барған кезде киген басты көйлегінен басқа қалыңдық бір кеште тағы екі рет киім ауыстырды. Әр туынды — «тек диваға арналған» және тапсырыс бойынша тігілген Ralph Lauren көйлектері.
Атақты жұлдыздардың тойға арналған киімдеріне қарап, сіз үшін маңызды күнге арналған қалыңдық көйлегіне идея алсаңыз болады. Мысалы, Джей Лоның қалыңдық киіміндегі ерекше детальға мән беріңіз. Оның киімдерінің бірі селдір капюшонмен безендірілді. Ол оны фатаның орнына қолданды. Ол өте ерекше әрі әдемі көрінеді. Әзірге көйлекті тек дизайнер эскизінен көре аламыз. Ресми суреттер күтеміз.
А. Жапатова