- Негізгі бет
- Сән
- Қалыңдық гүлін қалай...
Қалыңдық гүлін қалай таңдау керек?
Үйлену тойында басты назарда қалыңдық жүретіні рас. Оның аққудай болып керілген керім келбетіне ақ көйлегі көктен нұр болып төгілгендей әдемі жарасады. Қалыңдық десе, көзімізге қолына гүл ұстаған ақ көйлекті ару елестейді. Ал сол үйлесімді көріністің көркін ашып тұрған - оның қолындағы гүлі емес пе?! Ерте ме, кеш пе, сіз де бір күні қалыңдық атанасыз. Сонда өмірде бір-ақ рет болатын некелесу тойыңызды естен кетпестей етіп өткізу үшін барыңызды саласыз. Әдемі көйлек, әдемі гүл... Сондықтан "қыстың қамын жаз ойлап", қазірден бастап-ақ қалыңдық гүлін таңдаудың сырларын білгеніңіз артықтық етпес, сірә...
- Қалыңдық гүлін таңдарда, ең алдымен қалыңдықтың бойына, келбетіне, дене пшініне және көйлегіне мән беру керек. Күйеу жігіт те естен шығып кетпесін. Өйткені екеуі қос аққудай бірге жүретін болғандықтан, гүлдің екеуінің де өңін ашып тұрғаны жөн.
- Қалыңдық гүлінің өткір иісті болуы керек емес. Жағымды болса да, мұрынды жаратын исітерден қашуға тырысыңыз. Өйткені ол иіс той кезінде бәріне жаға қоюы екіталай.
- Қалыңдық гүлінің үлкен көлемді болғаны жөн емес. Оны қалыңдық той басталғаннан біткенге дейін қолынан тастамай жүретіндіктен, оның салмағы аз болғаны дұрыс.
- Қалыңдық гүлінің той көйлегімен түстес болуы да аса маңызды емес. Бірақ қарама-қарсы түс таңдаудан да аулақ болыңыз. Тек қос ғашықтың үйлесіміне кері әсерін тигізіп жүрмесе болғаны...
- Қалыңдық гүлі міндетті түрде солмаған, әрін жоғалтпаған болуы керек. Себебі белгілі: тойдың соңына дейін той гүлінің "мазасы кетпесін".
- Егер қалыңдық гүлін алдын ала тапсырыс беріп алдыртатын болсаңыз, шаш сәнін жасатқанда да дәл сол үлгідегі жасанды гүлмен шашыңызды сәндеп алсаңыз да, артықтық етпейді.
- Гүлдің тікенекті болғаны қажет емес. Онда сіз өзіңіздің жарасымды көйлегіңізді бүлдіріп, не қолыңызды жарақаттап аларсыз. Ерекше күні артық мәселенің қажеті қанша?
- Той гүлін таңдағанда қалыңдықтың жасы да ескерілуі керек. Жас қалыңдықтың қолына түймедақ гүлін ұстағаны жарасымды.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: mail.ru, stihi.ru
А. Әбілхан