Кафф сырғасын тағуды білеміз бе?

Кафф сырғасын тағуды білеміз бе?

Қазіргі танымал әрі сәнді аксессуарлардың бірі – кафф сырғасы. Бұл сәнді элемент антикалық дәуірден бастау алады. Алайда, нағыз танымалдылыққа жақында ғана ие болды. Оның себебі әлемнің Шығыс мәдениетіне қызығушылығының артуында.

Кафф сырғасы бойжеткеннің келбетін сымбатты, сырлы ететін аксессуар екені сөзсіз.

Кафф сырғасын тағу үшін құлақты тесудің қажеті жоқ. Ол құлақтың үстіңгі немесе ортаңғы жағына бекітіледі. Бүгінде үнді стиліндегі каффтар сәнде.

Кафф сырғасын қалай тағу керек?

Көлемді кафф сырғасын таңдасаңыз, тек бір құлаққа таққаныңыз дұрыс. Екінші құлаққа кішірек келген сырға тағуға болады.

Кафф сырғасын таққанда шашыңызды жоғары көтеріп жинағаныңыз жөн.

Бұл сырғаны қайда тағып барамыз?

Кафф сырғасын салтанатты шараларға таққан жөн. Спортзал, дүкенге тағып барудың қажеті жоқ.

Сондай-ақ бұл сырғаны түнгі клубқа да тақпайды.

Кафф сырғасын кеңсеге, іскерлік кездесуге тағып баруға болады. Алайда мұндай жерлерге көлемі кішірек түрін таққан жөн.

Сурет: newpix.ru

Оқи отырыңыз:

Зергерлік бұйымдарды тазарту

Болеро туралы не білеміз?

Күмістің қасиеттері туралы білесіз бе?

Ф. Абилова