Кафф сырғасы

Кафф сырғасы
Кафф сырғасы – құлақты әдемілеп, келбетті көріктендіретін сырға. Бұл сырғаның өзге сырғадан ерекшелігі мынадай:
  • Кафф сырғасын құлақты тағы бірнеше жерден теспей-ақ таға беруге болады. Кафф сырғасының кейбір түрі құлақтың тесігін де қажет қылмайды.
  • Аксессуар расымен де сырт көзге өте әдемі әрі сәнді көрінеді, жұрттың назарын өзіне аударып, қарапайым образдан сәнді орбаз жасап шыға алады.
  • Кафф сырғасы көбіне бір құлаққа тағылады, екінші құлаққа нүкте сияқты сырға тағуға болады.
Кафф сырғасының ең танымал үлгілеріне мыналар жатады: цепочкалы кафф, жан-жануарлар бейнеленген кафф, тас не кристалл көзді кафф және қымбат тасты кафф. 
Кафф сырғасының үлкен, дөрекі пішіндісімен қатар, нәзік түрлері де бар.


Әлемдік жұлдыздар кафф сырғасын тек киноға түскенде ғана емес, шынайы өмірде де сәнді, ерекше образ жасау үшін тағады. 

Ендігіде сырға таңдағанда кафф сырғасы да есіңізде болсын.
Дайындаған: Мейіргүл Сержанқызы
Сурет:  vk.com
Р. Роза