Vanity Fair журналы жыл сайынғы International Best Dressed List рейтингін шығарды. Бұл тізімге енгендер қатарында сән өндірісі өкілдері, актерлер, бизнесмендер, саясаткерлер мен өзге де атақты адамдар бар. Тізімді іріктеуге америкалық сән өндрісінің 40-шы жылдардағы ең ірі тұлғаларының бірі Элеонор Ламберт жұмылдырылды.
Бұл тізімге енген адамдар есімі IBDL Даңқ залына жазылады. Биыл актер Джереми Айронс, актриса Лорен Хаттон мен Moda Operandi онлайн-бутигінің негізін қалаушы Лорен Санто Доминго алғаш рет мұндай мәртебеге қол жеткізіп отыр.
Сонымен, ең стилді әйел адамдар тізіміне Кембридж герцогинясы Кейт Миддлтон, режиссер София Коппола, Катрин Денев пен Софи Лорен сынды актрисалар, модель әрі дизайнер Инес де ля Фрессанж, Ұлыбритания патшайымы Елизавета II және өзгелер енді.
Ал, Джорджо Армани, Маноло Бланик, Том Форд, Пьер Карден мен Карл Лагерфельд сынды дизайнерлер, актер Джордж Клуни, Дэвид Боуи мен Стинг, Дэвид Бекхэм ең стильді ер адамдар тізімін толықтырды. Толық тізімді мына жерден көре аласыздар.