Жұлдыздай жарқырайтын көйлек

«Бүгін жұлдыздай жарқыраймын!» сөзін әдетте ауыспалы мағынада қолданамыз. Йинг Гао бұл сөздің мағынасын өзінің жаңа көйлегімен өзгерткен секілді.

Француз философы Поля Вирильоның «Esthtigue de la disparition» жобасымен қанаттанған Йинг Гао жұлдыздай жарқырайтын көйлектер ойлап шығарды. Ешкім көз салмаған жағдайда көйлек өзгеріссіз тұра береді. Ал егер айналадағылар немесе көйлектің иесі көз алмай қарап тұра беретін болса, көйлек ерекше түске боялып жарқырайды. Мұндай әсер күрделі құрылымды фотолюминесцент жібінің арқасында. Мұнымен қатар, кейбір смартфондарды жабдықтайтын көз қимылын бақылауға арналған қосымшалар енгізілген. Әрлендірме, сәулет өнері мен мультимедияны қатар үйлестірген бұл топтама осы жылдың қараша айында заманауи өнер туындылары орын алған «Power Station of Art» мұражайында, көктемде Канаданың тоқыма бұйымдар мұражайында таныстырылады.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: season.kz