Жұлдыздардың рөліндегі бүлдіршіндер

Жұлдыздардың рөліндегі бүлдіршіндер

Нью-Йорк қаласының фотографы Триша Мессеру (Tricia Messeroux) шоубиз суреттерімен ғана танылып қоймай, «Тоддлвуд» (ағылш. ToddleWood) деп аталатын ерекше фотожобасымен де әйгілі. Бұл жобада атақты фотограф кішкентай балаларды есімі бүкіл әлемге әйгілі Голливуд жұлдыздарының қызыл кілемдегі «клондарына» айналдырған. «Алтын глобус 2013» марапаттау рәсімінен соң Андреа Питтер есімді дизайнер кішкентай бүлдіршіндерге марапаттау рәсіміне киіп келген жұлдыздардың кешкі көйлектеріне ұқсас киім тігіп береді. Ал Триша Мессеру мен оның командасы балаларға Хэлли Берри, Энн Хэтэуэй, Люси Лью, Тейлор Свифт, Джорджа Клуни секілді Голливуд жұлдыздарының образын салумен еңбектенеді. Жоба авторының айтуынша, оның моделдері ыңғайсыз киімдер мен париктерге назар аудармай, нағыз модельдер секілді бой түзепті.

Джордж Клуни мен Стэси Кейблер

Энн Хэтэуэй

Тейлор Свифт

Керри Вашингтон

Люси Лью

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: ifun.ru

Ж. FM