Жұлдыздардың неке жүзіктері

Жұлдыздардың неке жүзіктері

Жұлдыздардың өмірі кітап беттерінен түскен әдемі ертегі сияқты. Тұратын үйі, киетін киімі, мінетін көліктері, жеке өмірлері әрқашан көпшіліктің назарында болады. Бүгін жұлдызды арулардың неке жүзіктерімен танысайық.

Танымал жұлдызды арулардың неке жүзіктерінің ортақ бір белгісі бар - олардың бәрі удай қымбат. Алтын жүзіктің бетін үлкен гауһар тас әшекейлеп тұрады. Бірақ кейбір жұлдыздар қатарынан сақинасымен ерекшеленеді. Солардың неке жүзіктеріне баға беріп көрелік.

Элизабет Херли төртбұрышты сапфир мен екі ақ гауһар таспен әшекейленген жүзігінің иегері.

      

Риз Уизерспуннің саусағындағы сақина - платинадан жасалынған жүзік. Сақинаның тасы - 62 қыры бар үлкен гауһар тас. Қырларының көп болғанына байланысты, тас ерекше жылтырап тұр.

      

Мерайя Кэридің неке жүзігі - 10,2 каратты гауһар тасты сақина. 

 

      

Уильям ханзада жары Кейтке отбасылық неке жүзігін тарту етті. Сапфир мен гауһар тастармен әшекейленген сақина кезінде анасы Диананың неке жүзігі болған.

      

Брэд Питт барын аямай Анджелина Джолиге 10 каратты гауһар тасты жүзігін сыйлаған. 

      

Ал Холли Берридің жігіті Оливье Мартине ғашығына Robert Mazlo-дан гауһар тастар мен изумруд орнатылған
жүзікті тарту етті.       
Атақты Ферджидің күйеуі  Джош Дюамель оған 4 каратты бір гауһар тасы және шеттеріндегі кішкене гауһар тастармен әшекейленген керемет жүзікті сыйлады.
      

Сізге кімнің жүзігі ұнады?

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: cosmo.com.ua

С. А