Жұлдыздардың қолшатырлары

Жұлдыздардың қолшатырлары

Күздің жаңбырлы күндеріне де аз қалды. Қалың киім, күртеше және қолшатыр жаңарту жайлы ойлану керек. Ал жұлдыздар қандай қолшатыр таңдайды екен?

Жаңбырлы күндер уайымдауға себеп емес деп ойлайды танымал жұлдыздар. Керісінше, бұл өзіңді тағы да бір рет сәнқой ару ретінде таныстырудың жолы. Мысалы сәнді қолшатыр көңіліңізді көтеріп, стиліңізді аяқтай алады.

Алекса Чанг, Кэти Перри, Миранда Керр тіпті Елизавета II киім мен қолшатырды қалай үйлестіру кректігін біледі. Солардан үлгі алып, күздің жаңбырлы күндеріне кішкене болса да көтеріңкі көңіл-күй қосуға тырысайық.

Танымал әнші Тейлор Свифттің сөмкесі мен қолшатырының түстері бірдей. Бұл түс көйлегіндегі суреттердің түсімен де үйлесіп, толыққанды бейне беріп тұр. Ал қара мен қоңыр түстер нағыз күзге тән көңіл-күй сыйлайды.

Миранда Керр есімді модель сән әлемінде өзінің қарапайым сұлулығы мен жоғары талғамымен танымал. Мына суретте ол былғары леггинс шалбарды жарқын жасыл түсті жемпір мен сұр пальтомен үйлестіріп киіпті. Үлкен қара қолшатыр мен үлкен бордо түсті сөмке бірден бейнені ұстамды, салтанатты көрсетіп тұр. 

Эпотажды Леди Гага аксессуарлар таңдаудың нағыз шебері. Әрине оның гардеробындағы әр киімді қарапайым арулар күнделікті кие алмайды, мына шығыс стиліндегі қолшатыр да екінің бірінде болмайды. Сіз де осындай ерекше қолшатыр алсаңыз, күздің суық күндері басқалардың да, өзіңіздің де көңіліңізді көтеріп жүресіз.

Оливия Палермоның қолшатыры бүкіл бейнесіндегі ең көзге түсерлік аксессуар болып тұр. Қолшатырға салынған үлкен қызыл раушан оның күнделікті қарапайым киіміне ерекшелік беріп тұр.

Актриса Эван Рейчел Вудтің үлкен сұр қолшатыры күртешесіне мінсіз жарасып, оны жаңбырдан қорғап тұр. Ал тым сұр болып кетпеу үшін ол қысқа белдемше мен түрлі-түсті жейде киген.

"Прометей" фильмінде ойнаған Нуми Рапасты осындай романтикалық бейнеде елестетіп пе едіңіз? Гүлді көйлек пен деним күртешесімен мына қылғылт қолшатыр керемет үйлесім тапқан. 

Джери Холлиуэл күнделікті ресми бейнеге кішкене болса да бір көңілді көтеретіндей элемент қосайын деп, классикалық сұр күртеше мен қара дәстүрлі шалбармен үлкен сары күнбағыс пішінді қолшатырды алыпты.

Елизавета II өзінің дәстүрлі көзқарастарымен танымал. Ол дәстүрлі киініп, ең жоғары талғамды аксессуарлар таңдайды. Бірақ мынандай мөлдір, бір қарағанда жастарға арналған қолшатыр оның көңілінен шыққан екен.

Нашар ауа-райы кезінде қызыл жолаққа салтанатты көйлек киген арулар әдетте қара үлкен қолшатыр ұстап шығады. Адайда Кэти Перри бұл дәстүрді бұзып, Ұлыбритания туы суретімен әшекейленген қолшатырды таңдапты. 

Британ тележүргізушісі, модель және британдық Vogue журналының редакторы Алекса Чанг түрлі-түсті, қуыршақ стилін жақсы көреді. Ол дәстүрлі күңгірт түсті қолшатырларға қарағанда түрлі-түсті түрлерін алып жүреді. Сіз де одан үлгі алып ерекше болудан қорықпаңыз.

Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер:wday.ru
С. А