Сәнге сәйкес киіну - барлық қызды қызықтыратын мәселе. Жұлдыздардың 10 түрлі сәнді киім үлгісін ұсынамыз.
Ретсіз орналасқан сурет дұрыс рәсімделген, қара қоңыр рең оған айқындылық беріп тұр. Көгілдір түстен ақ түске өту - кеуде мен бел тұсын анықтайды. Бұл киімге қарапайым аксессуарлар сәйкес келеді. Осыдан, сән әлемінде қарапайымдылыққа да орын берілетіні байқалады.
Қауіпті принттер мен оғаш көрінетін түстерді беттен алшақ ұстау, қол мен иықтың дұрыс рәсімделуіне назар аудару, аралық түстер мен батыл түстерді қиыстыра білу. Бұл үлгіде ерекше назар еденге жетіп тұрған көңілді принттелген белдемшеге аударылады.
Аяқ киімді жауып тұрған етек бойды ұзартып көрсету үшін ойлап табылған. Қою көк түс басым болып тұр, ол өз кезегінде қымбат болып көрінеді.
Нәзік күлгін түсті гүлмен әсемделген көйлектің өзін ғана кию зеріктіріп жібереді. Сондықтан оған туыс түстерден үйлесіп жасалған мойын орағышты қосып, оны көйлектің жалғасы сияқты көрінетіндей етіп таққан. Жіңішке белбеу мен үйлесімді клатч сәнді клише, бірақ бұл жағдайда олар бейнемен керемет үйлесіп тұр. Бұл үлгідегі түстердің бәрі күзгі гардеробқа кіре алады.
Бұл киім үлгісі басты трендтердің бірі болатынын көрсетіп тұр. Торлы киімдер қайтадан сәнге енеді. Ең бастысы - бірнеше суретті бір киімде үйлестіру, анықтап қарасаңыз, жеңдеріндегі тор басқаша. Жалбыраған шаш, қызыл далап және оксфорд бәтеңкесі бұл бейненің тағы бір жақсы тұсын көрсетеді. Сонымен қатар, күндізгі уақытта сыртқа шығуға жақсы идея болып табылады.
Бөтелке түстес жасыл көйлек керемет көрінеді. Аксессуар ретінде әдемі күлімсіреу де жеткілікті. Шаш үлгісінің орны да ерекше.
Бұл үлгіде ең маңыздысы - түстер мен пропорциялар. Қара түстің орнына жағымды көк түс, үйлесім ретінде мәнерлі күрең қызыл түс алынған. Қара түсті аяқ киім де жақсы үйлесіп тұр. Кең тұратын жакет таңдағанда белдің көрініп тұруы керек екенін ұмытпаған жөн, бұл үлгіде бел аймағы жарқын айқындалған.
Кесте мен суретті жақсы үйлестірген үлгі. Топ пен белдемшені түс біріктіріп тұр, бірақ көзге көрінуі басқаша. Кестеленген және аяқ киімнің суреті бар киім ойнақы да сырбаз көрінеді. Сары түсті аяқ киім артық емес, себебі ол ешқандай декормен өрнектелмеген.
Күнделікті бейне үшін керемет үлгі. Ақ жейде - мәңгі классика. Аквамаринді маржан түстес белдемше қызыл аяқ киіммен үйлесім тапқан. Бұл бейне әртүрлі түстерді араластырғанды ұнатпайтын қыздарға арналған.
Ала түсті көйлек жағымды әсер береді. Иықтағы асимметриялық бөлшек көйлекті тіпті әсемдеп тұр.
Дайындаған: Гүлнұр Бақытбекова
Сурет: elle.com