- Негізгі бет
- Сән
- Жұлдыздар қандай татуировкалар...
Жұлдыздар қандай татуировкалар жасатады?
Жазулар, оюлар, белгілер мен таңбалар – жұлдыздардың күтілген денелерінде татулардың небір түрі бар. Кейбір татулардың негізінде терең ой жатса, кейбірі жай сән үшін, алайда әрбір татудың өз айтары бар болады. Кейде оның мағынасы қарапайым біз сияқтыларға түсінуге жазбаған және құпиясын да ашуға жұлдыздар құлықты емес.
Әлем жұлдыздарының түрлі татуировкаларын тамашалап көрейік.
Рианна
Рианнада қанша музыкалық марапттау болса, сонша татуировкалар бар сияқты, әйтеуір кем емес. Оның оң аяғында ноталар бейнеленген, арқасынан бастап желкесіне дейін жұлдызды жол сияқты әдемі жолақ бар, ал сол жақ бүйірінде арабша жазу жазылған (аударғанда – «Еркіндік - Құдайда» дегенді білдіреді). Сонымен қатар, саусағында тыныштыққа шақыратын Shhh... деген жазу, мойынының сол жағында Rebelle Fleur деген француз тілінде жазба бар («Тынышсыз гүл») және тобығында бантигі бар бас сүйек бейнеленген. Бірақ бұл бәрі емес. Негізі Рианнаның денесінде 16 тату бар деген қауесет жүр.
Скарлетт Йоханссон
Скарлетт Йоханссонның білегін I Heart NY («Мен Нью-Йоркты жақсы көремін») деген жазуы бар татуировка-білезік сәндеп тұрады. Сонымен қатар білегінде «күн шығып» тұрады, ал жіліншегінде екі доғал орналасқан. Және олардың не мағына беретінін білу де еш нәтижесіз. Олардың сырын Скарлетт ешқашан ашпаған.
Хайди Клум
Супермодель және тележүргізуші Хайди Клумның қолындағы тату шырмауық жолақ пен төрт жұлдыздан құралған. Төрт жұлдыз модельдің төрт баласын білдіруі мүмкін. Ал шырмауықтың нені білдіретіні әлі белгісіз. Бәлкім Сил деген жазу ма екен, кім білсін...
Меган Фокс
Татуировкалардың саны бойынша Меган Фокс Анджелина Джолимен сайыса алады. Меганның оң жауырынында – Шекспирдің «Король Лир» трагедиясынан цитата жазылған («Біз бәріміз алтын көбелектерге күлетін боламыз»), сол қабырғаларында — Фокстың махаббат жайлы өз ойлары жазылған: «Ерте-ерте-ертеде бір қыз өмір сүріпті, Оған дейін махаббатты сезінбеген, Бір бала келіп жүрегін жаралап кетпегенше). Меганның ең жарқын татуы – оң қолының астыңғы жағында әйгілі актриса Мэрилин Монроның бейнесі, сонымен қатар оң аяғының ішкі жағында орналасқан бес жұлдызды жауып тұрған жарты ай. Оң жақ бөксесінің астыңғы жағына сүйіктісінің атын жазып (Brian), махаббатын білдірген.
Келли Осборн
Ұлы да, өрескел Оззи Осборнның қызы тым құрымағанда екі тату салдырмаса күнә болатын шығар. Алайда әншінің денесінде жалпы алғанда 15 тату бар екен. Арқасына періштенің қанаттарын бейнелеп, ал аяқтарына бас сүйекті салу тек Келлидің ғана басына келетін сияқты. Сонымен қатар Осборнның денесінде — якорь, синтезатор, жүрек және бірнеше иероглифтер бейнеленген. Алайда ең жарқын татуировка қолының ішкі жағында орналасып, әкесіне деген махаббатын білдіретін — Daddy Lovely деген жазу.
Кэти Перри
Jesus деген ең бірінші татуировкасын Кэти Перри Лос-Анджелеске келгенде жасатқан екен. Ол бұны діншіл отбасында дүниеге келгенін және Құдай әрдайым оны түзу жолға бағыттап отыратынына сенетінімен түсіндіреді. Кейін сол тобығында күліп тұрған құлпынай пайда болды, ал екінші жағында әдемі ұзын кірпіктерімен жалбыз конфеті. Және қолының ішкі жағында орналасқан ең соңғы татуировкасын бұрыңғы күйеуі Рассел Брэнд екеуі бірге жасатқан. Санскритте жазылған татуировка Кэти мен Брэндте әлі де бар. Бұл тату олардың Индиядағы бал айында жасалған болатын. Anuugacchati Pravaha деген жазу «Ағыспен жүзу» дегенді білдіреді. Алайда, Перри мен Брэнд бағыттан жаңылысып қалғандары өкінішті.
Жалғасы бар...
Суреттер: woman.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина
A. Mustafina