Жоғары cән: шалбар киіп тұрмысқа шығу

Жоғары cән: шалбар киіп тұрмысқа шығу
Фото: passion4fashion.com.pl

70-жылдар сәнінің қайтып келуі биылғы маусымның басты жаңалығы. Парижде өткен Жоғары сән апталығының нәтижесіне көз салатын болсақ, подиум басына шыққан екі сәнбикенің бірі сол жылдардың элементі болған ақ смокингпен ерекшеленді.

Ақ смокинг ерлер киім үлгісі болғанымен көптеген коктейль көйлектеріне қарағанда әлдеқайда нәзігірек көрінеді.

Бұл стильді сәнге айналдырғандардың бірі – Марлен Дитрих пен Бьянка Джаггер. Марлен өткен ғасырдың маскулин стилін насихаттаушысы болып танылды. Аты аңызға айналған Марлен ақ смокингті ұнататын. Ал Бьянка жетпісінші жылдардың жұлдызы болған. Ол бұл киімді онжылдықтың айқын белгісіне айналдырды. Айтпақшы Бьянка бұл киімді тек «кездесуге, қыдыруға арналған» деген стереотипті жою үшін 1971 жылы Yves Saint Laurent брендінің смокингін киіп, Rolling Stones тобының әншісімен некелесті.

Бұл сәнді қайта жаңғырту үшін Парижге келген дизайнерлер 2015 жылдың «аткутюры» деп той смокингінің жаңа үлгілерін ұсынды. 

Atelier Versace

Schiaparelli

Bouchra Jarrar

Armani Privé

Alexandre Vauthier

Christian Dior

Ал сіз классикалық той көйлектен бас тартып, осындай смокинг киіп, тұрмысқа шығар ма едіңіз?

Ф. Абилова