Бүгін біз жігіттерге қыздардың киім-кешегінен өздеріне қайсылары ұнамайтыны туралы сөз қозғаймыз. Бұл - жігіттердің көпшілігінің ортақ пікірі. Қыздар, дайын болыңыздар!
Жігіттерге ешқандай да шашқа тағатын бұйымдар ұнамайды. Мәселен түрлі шашқа таққыштар, әдемі әшекей бұйымдарды іліп алудың түкке де қажеті жоқ.
Мұндай шалбарларды "аладдин" немесе "Али баба" деп те атайды. Әлемдік сәнде бұл киімдер үш жыл бұрын жарық көрді. Мұндай киімдегі аруларды жігіттер көргенде көздеріне жөргектегі баланы елестетеді.
Әйелдердің бұл киім үлгісі туралы бір жігіт "Енді жүре бастаған менің жетпісінші жылғы анамның кішкентай шағын елестетеді" депті.
Осы бір австралиялық аяқ киім жайлы жігіттер "Суық болса да, болмаса да, таза жерге де, лас жерге де тастамай киеді. Мұны киіп алғанда аяқтарының әдемілігі де байқалмайды" деп арызданады.
"Мұндай аяқ киімді қыздар ұзақ киіп жүрмесе екен. Ал егер ұзақ күннен кейін шешсе, аяқтарында қызыл із қалады. Оның үстіне бұл аяқ киім қыздардың әп-әдемі аяқтарының сәнін құртады", - дейді жігіттер.
Жігіттердің бірден-бір ұнатпайтыны - қыздардың смокинг киіп алғаны.
Жігіттер бұл киім жайлы былай дейді: "Қысқа комбинезондағы қыздарды көре қалсақ, көзімізге құрылысшы елестейді".
Үлкен көлемді көзілдіріктегі арулар жайында жігіттер "Көгерген көзін жасыру үшін тағатын шығар" деп ойлайды. "Бетімен бірдей көзілдіріктің қажеті қанша екен?"- деп дал болады.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: moy-stil.ru, season.kz