Жігіттерге қыздардың қандай киім-кешегі ұнамайды?

Жігіттерге қыздардың қандай киім-кешегі ұнамайды?

Бүгін біз жігіттерге қыздардың киім-кешегінен өздеріне қайсылары ұнамайтыны туралы сөз қозғаймыз. Бұл - жігіттердің көпшілігінің ортақ пікірі. Қыздар, дайын болыңыздар!

  • Шашқа тағатын сәнді бұйымдар

Жігіттерге ешқандай да шашқа тағатын бұйымдар ұнамайды. Мәселен түрлі шашқа таққыштар, әдемі әшекей бұйымдарды іліп алудың түкке де қажеті жоқ. 


 
  • Афган шалбарлар

Мұндай шалбарларды "аладдин" немесе "Али баба" деп те атайды. Әлемдік сәнде бұл киімдер үш жыл бұрын жарық көрді. Мұндай киімдегі аруларды жігіттер көргенде көздеріне жөргектегі баланы елестетеді. 

 

  • Комбинезон

Әйелдердің бұл киім үлгісі туралы бір жігіт "Енді жүре бастаған менің жетпісінші жылғы анамның кішкентай шағын елестетеді" депті. 

 

   
  • Угги

Осы бір австралиялық аяқ киім жайлы жігіттер "Суық болса да, болмаса да, таза жерге де, лас жерге де тастамай киеді. Мұны киіп алғанда аяқтарының әдемілігі де байқалмайды" деп арызданады.


 

  • "Гладиатор" жеңіл аяқ киімі

"Мұндай аяқ киімді қыздар ұзақ киіп жүрмесе екен. Ал егер ұзақ күннен кейін шешсе, аяқтарында қызыл із қалады. Оның үстіне бұл аяқ киім қыздардың әп-әдемі аяқтарының сәнін құртады", - дейді жігіттер.

 

 

  • Смокинг

Жігіттердің бірден-бір ұнатпайтыны - қыздардың смокинг киіп алғаны. 

 

  • Қысқа комбинезондар

Жігіттер бұл киім жайлы былай дейді: "Қысқа комбинезондағы қыздарды көре қалсақ, көзімізге құрылысшы елестейді".

  • Үлкен көлемді көзілдіріктер

Үлкен көлемді көзілдіріктегі арулар жайында жігіттер "Көгерген көзін жасыру үшін тағатын шығар" деп ойлайды. "Бетімен бірдей көзілдіріктің қажеті қанша екен?"- деп дал болады.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: moy-stil.ru, season.kz

А. Әбілхан