- Негізгі бет
- Сән
- Жігіттерге кеңес: галстук...
Жігіттерге кеңес: галстук пен жейде
Көпшілік серілеріміз галстук таңдауда қателіктерге ұрынып жатады. Біріміз жейдені таңдай алмасақ, екіншіміз шалбарды ауыстырып аламыз... Ендеше, үйлесімді үйренгіңіз келсе бізбен бірге болыңыз!
Үйлесімнің ең басты қағидасы: жейде әрдайым галстуктан ашық түсті болуы керек. Осы қағиданы ұстанатын болсаңыз гардеробыңыз қашанда үйлесімді болады. Таңдауыңыз бен талғамыңызға сенімсіз болғанда осы ережені еске алсаңыз ұтылмайсыз. |
Жолақты жейде күңгірт(темный) түсті әрі жолақты галстукпен тура келеді. Осы кезде аяғыңызда қара түсті шалбар немесе джинсы болса, келбетіңіз онан сайын арта түспекші. |
Егер гардеробыңызда жолақ түсті матадан тігілген галстук жоқ болса, дереу дүкенге асығыңыз. Себебі, мұндай галстуктарды сіз жиі киетін ашық түсті жейделер мен қаралау келген джинсылар талап етеді. |
Мына суретке қарап, үйлесімнің дұрыс емес екендігін айтуыңыз мүмкін. Саспаңыз, бәрі жақсы. Бұл галстукты сұр костюммен және күңгір түсті блейзермен кие аласыз. |
Тор суретті галстуктарды нағыз хит деуге болады. Сондықтан да, бұл боз-сұр түсті жейдемен үйлеседі. Асылында, мұндай көйлектермен бір ғана емес, алуан түрлі галстуктарды тағуға болады. |
Жағаның аяқ жағы дөңгелек келетін жейделер көпшілікке ұнай бермейді. Осы сынды көйлектерді таңдауда батыл қадамдарға барыңыз. Оған қанық жолақтар түскен галстукты қоссаңыз тіптен жақсы. |
Әдемі, сәнді галстуктар тор суретті жейделермен жарасады. Сіз бұл киіммен сымбатты әрі тап-тұйнақтай болып көрінесіз. |
Түрлі түсті көйлектерді де көпшілік серілеріміз ұната бермейді. Десе де, ашық түсті таңдасаңыз күңгірт классикалық галстукпен дос болыңыз. Осы киіммен қаралау келген классикалық костюмді кисеңіз сізден асқан талғампаз жан болмайды. |
Майда бұршақтар түскен галстук тор көйлектермен үйлесім табады. Бұл таңдау сізді стильді етіп көрсетеді. Егер де сіз осы гардеробқа қара қошқыл костюмді қоссаңыз жақсы комплименттер ести аласыз. |
Түймесі салынбаған жейделер, бос тағылған галстук, күңгірт түсті джинсы сіздің демалысыңыздың стилін жасайды. Сіз өзіңізді еркін әрі сенімді сезінетін боласыз.
Сурет: vk.com
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева