Костюм киген жігіттерді көргенде әрбір қыз қызығып қарайды. Сондықтан жігіттер қауымына да сәннен біраз кеңес ұсынамыз!
Сұр костюм
Сұр түсті костюм мен көк түсті жейде, галстук, жемпір жақсы үйлеседі. Бұл классикалық вариант. Ақ түсті жейдемен кигіңіз келмесе, көгілдір түсті жейдені таңдауыңызға болады.Көк костюм
Бұл түстегі костюмді ақ түспен үйлестіру жиі кездесетін үлгі. Өзіңізді ерекше етіп көрсету үшін, стилистер қара, сары түстерді де қосуға кеңес береді. Қызғылт түсті жейдемен кию классикалық ағылшын стиліне сәйкес келеді.Қоңыр костюм
Қара костюм
Қара костюм мен қара түсті жейдені кешкі отырысқа, кездесуге киген дұрыс. Бетіңіздің терісі ақшылданып, дене бітіміңіз сұңғақ көрінеді. Бұл үлгі кеңсеге арналмағанын ұмытпаңыз.
Дайындаған: Фариза Әбілова
Сурет: vk.com