- Негізгі бет
- Сән
- Жігіттер сәні: костюмды...
Жігіттер сәні: костюмды қандай түспен үйлестіру керек?
Костюм киген жігіттерді көргенде әрбір қыз қызығып қарайды. Сондықтан жігіттер қауымына да сәннен біраз кеңес ұсынамыз!
Сұр костюм
- Сұр түсті костюм мен көк түсті жейде, галстук, жемпір жақсы үйлеседі. Бұл классикалық вариант.
- Ақ түсті жейдемен кигіңіз келмесе, көгілдір түсті жейдені таңдауыңызға болады.
Көк костюм
- Бұл түстегі костюмді ақ түспен үйлестіру жиі кездесетін үлгі. Өзіңізді ерекше етіп көрсету үшін, стилистер қара, сары түстерді де қосуға кеңес береді.
- Қызғылт түсті жейдемен кию классикалық ағылшын стиліне сәйкес келеді.
Қоңыр костюм
- Коңыр костюмді көкшіл сұр (хаки) түспен үйлестіруге болады.
- Сарғыш, ақшыл сары түсті жейдемен кию қара торы жігіттерге ерекше жарасады.
Қара костюм
- Қара костюм мен қара түсті жейдені кешкі отырысқа, кездесуге киген дұрыс. Бетіңіздің терісі ақшылданып, дене бітіміңіз сұңғақ көрінеді. Бұл үлгі кеңсеге арналмағанын ұмытпаңыз.
- Қызыл түсті таңдасаңыз жұрттың назары сізге түсетіні сөзсіз.
- Қара түсті костюмді сұр түсті жейдемен кию ең ұтымды үйлесім.
Дайындаған: Фариза Әбілова
Сурет: vk.com
Ф. Абилова