- Негізгі бет
- Сән
- Жеңілгектің тарихын білесіз...
Жеңілгектің тарихын білесіз бе?
Францияда XIV Людовик патшаға дейін көйлектің жеңі баулармен байланатын. Франция мәдени гүлденген тұста барлық салада өзгеріс пайда бола бастады. Сол өзгеріс киімдерге де енді. Баулардың орнына жеңге арналған шыны түймелер шыға бастады.
XIX ғасырдың екінші жартысында жеңілгектер ақсүйектер мен бақуатты адамдардың ғана көйлек жеңінде болды. Сонымен қатар, олардың бәрін қолмен жасап, түрлі әшекейлермен сәндеді. Асыл тастар да қосты.
19 ғасырда қарапайым адамдар да арзан металдардан жеңілгек жасап алып, тағып жүруді шығарды. Мұндай жеңілгектердің арзан болғаны сонша, оны қоғамдық орындарда тастап кеткенде, ешкім іздеп келмейтін болған.
1982 жылдан бастап жеңілгектерді қолжетімді әрі сапалы қылып өндіруді қолға алды. Осылайша, уақыт сырғытып жеңілгектер ер адамдардың сәнді киім бөлшегіне айналды.
Жеңілгектер - сымбаттылық пен әдеміліктің белгісі. Қазіргі кездері жеңілгектерді кез келген бағаға ұшырастыруға әбден болады. Тым қымбат жеңілгектер асыл тастармен көмкеріліп, бағалы металдармен апталады.
Жеңілгектер көбіне салтанатты жиындар мен отырыстарда, ресми іссапарлар мен басқосуларда тағылады.
Табысты кәсіпкердің де, үздік жұмыскердің де жеңінен түспейтін жеңілгектердің тарихы осы...
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
сурет: kavkazweb.net