Жеңілдіктен құр қалмаңыз

Жеңілдіктен құр қалмаңыз

Қазіргі әйел шопингсыз өмір сүре алмайтыны әркімге мәлім. Шопинг – дем алу, қиындықтарды ұмыту, жалпы көңіл көтерудің ең жақсы амалы.  Ал өзіне керек тауарлар мен киім-кешектерді үлкен жеңілдікпен алса, қыздардың көңілдері бір сәтте-ақ көтірерілері анық.

Қазіргі заманда жеңілдіктер кез келген дүкендерде болып тұрады. Ал шегерім акциялары бірін-бірі ауыстырып отырады. Жеңілдіктер – үнемдеудің бірден-бір жолы екені рас. Осындай мүмкіндікті жіберіп алу обал болар.

Мысалға, сіз керекті бір затты алуға бел будыңыз. Әрине, оны арзанырақ алудың жолдарын іздейсіз. Кездейсоқ теледидардан немесе газеттен жеңілдік туралы жарнаманы көріп қалсаңыз жақсы. Ал олай болмаса ше? Жеңілдіктер жайлы қайдан білуге болады? Қай дүкенде, қандай мөлшерде жеңілдік бар екенін қайдан табасыз? Қаланы шарлап «жеңілдік» деп жазылған жарнамаларды іздейсіз бе? Мұның басқа жолы бар. Тек келесі кеңестерді ойыңызда сақтасаңыз болғаны.

Жеңілдіктер кезеңін қалт жібермеудің амалдарын назарларыңызға ұсынамыз:

  1. Кейбір социалды желілерде (мысалға, твиттер) сүйікті дүкендеріңіздің аккаунттарына жазылсаңыз, оларда өтіп жатқан жеңілдік акциялары, жеңілдік мөлшері жайлы біліп отырасыз.
  2. Сондай-ақ, электронды поштаға немесе ұялы телефоныңызға жеңілдіктер жайлы хабарламаларға жазылсаңыз болады.
  3. Ғаламторда арнайы сайттарда аккаунтыңызды ашсаңыз, қосымша жеңілдіктер купондарына ие бола аласыз.
  4. Тауар алған дүкеннен дисконтты картаны алуға ұмытпаңыз.

Осындай кеңестерге құлақ түретін болсаңыз, қымбат брендті дүкендерден көп ақша шығармай, жақсы тауар аларыңыз сөзсіз. Базардағы заттармен бағасы бірдей болатын, 50% жеңілдікпен аты белгілі дүкеннің киім үлгілерін алған дұрыс. Қазір басталғалып кеткен мезгілдік жеңілдіктерді қалт жібермеңіз!


Қазір келесі дүкендерде жеңілдіктер бар:

Adidas – 30%-ға дейін

Andrea Morelli - ескі коллекцияларға 50%-ға дейін

ATRIUM, дисконт орталығы - үнемі жеңілдіктер болады (Park Bravo / Nine West Outlet, Finn Flare Discount, Roman Outlet, Nike Outlet, Intrigo discount)

Atelier de courcelles - 30%-ға дейін

Bergamo - 50%-ға дейін

Boheme&Eletto - жаңажылдық жеңілдіктер - 30%-ға дейін

Bwet  - 50-70%

Camilun - жаңа Linclalor топтамасына -10%, қалғанына - 20%

Chester/Carnaby - қысқы киімдерге - 30% 

Colin's - 20%-дан 50%-ға дейін

Converse - 70%-ға дейін

COSMETIQUE - 10-20%

Daniel Hechter - ескі топтамаларға 20%

Ecco - 30% 

Elegance - 50%

Elite - 50%

Extravaganza - 30%

Finn Flare - 50%-ға дейін

Geox - жаңа топтмаға 50%-ға дейін 

Gerry Weber - 10% 

Giovanne Gentle - 30%

Glenfield -  50%-ға дейін 

Grazie -  50%-ға дейін 

Greyder -  30%-ға дейін 

Intertop - 50%-ға дейін жеңілдікпен аяқ-киім мен сөмкелер. 

Intimo - 10%- 60%

Janym -  70%-ға дейін 

JLO -  80%-ға дейін 

Kinderville -  70%

Kira Plastinina - 70%-ға дейін 

Mango -  50%-ға дейін 

Mexx -  30%-ға дейін 

Mimioriki - 10-20%

Mothercare - 30%-ға дейін 

Naf Naf -  40%-ға дейін 

Oggi - 30%-ға дейін 

Orchestra -  50%

Ostin - 30-50%

Park Bravo - 30%-ға дейін 

Playlife - 20%

Promod -  30%-ға дейін 

Quartetto - 50%-ға дейін 

Rodi - 30% 

Romano Botta - 50%

Sela - 50%-ға дейін 

Terranova –  50%-ға дейін 

Timberland -  50%-ға дейін 

Walk Safari - 20% 

Дива - 70%-ға дейін 

Сондай-ақ, қысқа мерзімді келесі жеңілдіктер:

"Скандал" салоны - неміс ерлер киімі 30%-дан 50%-ға дейін (11-31 қаңтар)

Atelier De Courcelles дүкенінде 30%-дық жеңілдік балалар киім үлгілерінің келесі брендтарына таралады: Dior, Boss, Chloe, DKNY, Ferrari, Ferre, Monnalisa, Laura Biagiotti, Timberland (4-15 қаңтар)

Mothercare және Детский мир дүкендерінде келесі маусымдық жеңілдіктер (4-15 қаңтар):

  •  Mothercare бас киімдері - 30%
  •  Mayoral - 50%
  •  ADD күртешелері - 50%
  •  Pablosky балалар аяқ-киімі - 30%
  •  Melania и Olang балалар аяқ-киімі - 50%
  •  Barnum бас киімдері -30%

ECCO дүкендер желісінде 30% - аяқ-киімдерге және 20% - сөмкелерге (15-20 қаңтар)

Осындай жеңілдіктердің бар екенін біле тұра, шопингке бір күн арнамау - барып тұрған қылмыс. Сапалы, әдемі заттарды жеңілдікпен алуларыңызға тілектеспіз!


С. А