- Негізгі бет
- Сән
- Жазғы тренд: сабан...
Жазғы тренд: сабан tote bag
Фото:
vk.com
Биылғы жаз мезгілінің негізгі аксессуары, тренді – сабаннан тоқылған сөмке.
Ең сәнді бұйымға айналған tote bag қазіргі уақытта кез келген қалыпта шығарылып жатыр. Бұрын-соңды тек жағажайда ғана пайдаланылатын сөмкені енді барлық жұлдыз ұстап жүр. Оның қай түрін сатып алған жөн дейтіні жоқ. Бәрі сәнде. Мысалы: толықтай және жартылай сабаннан тоқылғандары да, мата, былғары, моншақ, шашақпен әрленгендері де, үлкендері де, шағын түрлері де, бәрі-бәрі сәнді.
Дизайнерлер өткен сән апталықтарында түрлі әдіспен тоқылған, түрлі қалыптағы сөмкелер түрлерін ұсынды. Оларды төмендегі суреттерден тамашалай аласыздар. Жалпы, сабаннан тоқылған сөмкенің қайсы нұсқасын аламын десеңіз де қателеспейсіз.
А. Оралқызы