Жазғы көйлекті жемпірмен қалай үйлестіру керегін жазған болатынбыз. Жазғы сарафанды жазғы киімдермен бірге қорапқа салып тастауға асықпаңыз. Себебі сәнқой қыздардан оны трикотаж киімдермен үйлестіргенін байқадық.
Жұқа водолазканың сыртынан жазғы сарафанды киіңіз. Аяғыңызға капрон калготкимен және күзгі етікпен киіп алыңыз. Осылайша, түрлі текстуралар мен түстерді бір-бірімен үйлестіріп, тәжірибе жасай аласыз. Ал ең бастысы, мұндай киім үлгісінен тоңбайсыз.