Түрлі-түсті сүрмені күндізгі макияжбен қалай үйлестіруге болады? Дәл осы тұста мамандардың пікірі екіге бөлінді. Біріншілері қабақ бояуының түсі сүрменікімен үйлеспеуі тиіс дейді. Ал екіншілері бір түсті макияжда тұрған еш нәрсе жоқ деп, қабақ бояуын сүрменікімен бірдей етіп таңдауға кеңес береді. Үшіншілері аталған сүрмелердің онсыз да жарқын түске ие екенін, ешқандай да бояу қосудың қажеті жоқ екенін айтады.
Сүрмені таңдаған кезде көздің түсін де ескергеніміз жөн болар. Көк түсті сүрмені кез келген көздің түсімен үйлесетін әмбебап косметика ретінде айта аламыз. Ол көздің ақ бөлігін үлкейтіп, ұйқысыз түннің әсерін жасырады. Күлгін және жасыл түсті сүрмелердің де жағдайы дәл осындай.
Макияжда түрлі-түсті сүрмені пайдаланудың 3 ережесі:
1. Визажист мамандар көлемді арттыру үшін сүрме жағардың алдында кірпікті қайырып алуға кеңес береді.
2. Бұдан өзге кірпіктердің арасы жабысып қалмас үшін арнайы гель жағуға болады.
3. Қара немесе қоңыр түсті сүрмелерді кірпіктің түбінен бастап, ал түрлі-түстісін ұшына ғана жаққан жөн.
BADgal Plum Mascara, Benefit сүрмесі
Truly Waterproof Mascara, Clarins сүрмесі
Color Play Mascara, Inglot сүрмесі
Inimitable Waterproof Mascara, Chanel сүрмесі
Smoky Lash Mascara, Make Up For Ever сүрмесі
Inimitable Waterproof Mascara, Chanel сүрмесі
Күнделікті өмірде түрлі-түсті сүрмені өзгерістен қорықпайтын батыл қыздар ғана жаға алатын шығар... Ал шет елде жағдай өзгеше. Өйткені түрлі-түсті сүрмені атақты жұлдыздар да жағады. Мысалы, Натали Портман үнемі көк түсті сүрме жағады. Осылайша образы кербездікке, ал қоңыр көздері айқындылыққа ие болады. Ал Рианна макияжды түрлендірудің мүмкіндігін жібермейді. Әнші өзінің бірден көзге түсетін мүсініне қарамастан, жасыл түсті көп пайдаланады. (Жасыл сүрме қара торы қыздарға жақсы жарасады). Диана Крюгер қарапайымдылық танытып, қоңыр түсті сүрмені пайдалануды жөн көреді.
Ал бізде түрлі-түсті сүрмені пайдаланатын жұлдыздарымыз бар ма?