Жазғы сән: Шашқа арналған әсем әшекей

Жаз маусымында кез келген аруды нәзік, сәнді әрі әсем етіп көрсететін әшекейдің бірі - шашқа арналған ободок. 

Бұл әшекей өткен жылғы жаз маусымының трендіне айналып, міне, биыл да сәнге оралды. Неліктен? Біріншіден, өзінің сәнділігімен кез келген сәнқойдың жүрегін жаулап алары хақ. Екіншіден, әрбір нәзік жандыға қажетті сән атрибутының біріне айналған. 

Қолаң шашқа одан сайын көрік қосып, ал қысқа шашты әдемілей түсетін бұл аксессуардың биыл қандай түрлері трендте?

Жаз маусымында қыздар гүл принті бар киімдер, гүлді-гүлді әшекейлер таққысы келеді. Сондықтан hand made шеберлері гүлден жасалған ободоктардың әртүрлі нұсқасын ұсынады. 

Жоғарыдағы суретте ободок кішігірім гүлдермен әрленіп, үлкен етіп жасалған. Ол көбіне бас пішіні кішірек, сопақтау келетін қыздарға жарасымды.

Ал мына суретте ободок орташа көлемде жасалған. Ободоктың бұл түрі кез келген аруға жарасымды келеді. Сол себепті еш күмәнсіз алуыңызға болады. Суреттегі алқызыл және ақ түсті раушан гүлдері көздің жауын алады. Бұл әсем түстердің үйлесімі сәнқой аруымызды одан сайын нәзік, кербез етіп көрсетері сөзсіз.

Бұл суреттегі ободоктың гүлдері кішірек болғандықтан, бас пішіні дөңгелек болып келетін қыздарға жарасымды көрінеді. Күлгін, ақ, бордо түстерінің үйлесімі кез келген аруды кербез етіп көрсетері сөзсіз. Сондай-ақ түс таңдауда көбіне сары, көк және ақ түстерге көз салуыңызға болады, себебі биыл бұл түстер сәнде. Кішірек көлемде жасалатын ободоктар кез келген бас пішініне жарасымды.

Бұл үлгіде гүлдердің жасанды түрлері пайдаланылған. Әрі ободок кішірек болып келетіндіктен, бас пішіні дөңгелек болып келетін аруларымызға үйлесімді.

Моншақтармен жасалған бұл ободок түрлері кішкентай аруларымызға өте жарасымды. Нәзік қыздарды одан сайын әсем етіп көрсететін бұл ободокты өз қолыңызбен де жасай аласыз. Ал көлеміне келетін болсақ, жоғарыда аталған нұсқауларға сүйенуіңізге болады.

Сізге бұл топтама ұнады ма?

Ұқсас жазбалар:

Жазғы сән: Қасиетіне бас игізген аксессуар

Жазғы сән: Нағыз арулар бұйымы