- Негізгі бет
- Сән
- Жазғы сән: LC...
Жазғы сән: LC Waikiki бутигі ұсынған киімдер
Көзді ашып-жұмғанша жаздың екінші айы өз мәресіне жетуге аз қалды. Ал бойжеткендер мен бозбалалар болса, әлі де киім үлгісін таңдауда. Бірі – ашық түсті киімдер таңдаса, екіншісі – киімнің түрлі-түсті болғанын қалайды. Кезекті материалымызда назарларыңызға LC Waikiki бутигінің қол жетімді әрі стильді киімдерін ұсынамыз.
Аты аңызға айналған британдық дизайнер Брюс Олдфилд: «Сән деген – бір идеяның бірнеше рет қайта өңделуі» деп айтқан екен. Олай болса, бір емес, бірнеше рет қайта өңделген идеяларды талдайық. Алғашқы суретте спорттық образ берілген. Байқасаңыздар, кеудешенің жазуы мен қысқа балақ шалбар түсі бірдей. Бұл оның екі бөлек киім екенін байқатпайды. Ал қол сөмкенің түсі киімдермен міндетті түрде үйлесудің қажеті жоқ.
Екінші образды жаздың ыстық күнінде киюге болады. Бас киім мен ақшыл түсті киімдер күннің ыстығынан барынша қорғайды. Және бұл жазда киімдердің түсін үйлестіре отырып кию маңызды емес екенін айтқымыз келеді.
Спорттық кеудеше бағасы - 2 490 теңге Қысқа балақ шалбар бағасы - 1 890 теңге Сөмке бағасы - 1 290 теңге | Бас киім бағасы - 2 490 теңге Кеудеше бағасы - 2 990 теңге Шалбар бағасы - 4 490 теңге Сөмке бағасы - 3 290 теңге |
Бұдан өзге жігіттерге лайық образды ерекше атап өтуге болады. Алғашқы суреттегі ақшыл сары шалбар кез келген жейдемен үйлеседі. Оны кеңсе қызметкерлері таңдағаны жөн. Ал екінші образ Қапшағайға арналған. Арнайы сүлгісі мен көзілдірігі де бар.
Жейде бағасы - 5 390 теңге Белдік бағасы - 2 890 теңге Шалбар бағасы - 5 390 теңге Қол сөмке бағасы - 3 290 теңге | Майкі бағасы - 1 790 теңге Қысқа балақ шалбар бағасы - 4 490 теңге Орамал бағасы - 2 290 |
Канотье, панама, бретондық шляпа, клош, терай, дөңгелек-шляпа, федора сынды шляпалар кез келген қыз баласына жарасады. Мұнымен қатар оның түсіне сай келетін сөмкені де таңдауыңызға болады.
Келесі суреттегі түрлі-түсті кеудешенің матасы жеңіл, ыстық күнде терлетпейді.
Бас киім бағасы - 2 190 теңге Камбенизон бағасы - 5 390 теңге Сөмке бағасы - 3 290 теңге | Кеудеше бағасы - 3 290 теңге Шалбар бағасы - 3 790 теңге Клатч бағасы - 3 290 теңге |
Төмендегі екі образды достарыңызбен қыдырғанда, алыс-жақын жол жүргенде киюге болады. Шалбардың түсі кіркөтерімді келсе, ақ түс ыстық тартпайды.
Майкі бағасы - 1 790 теңге Қысқа балақ шалбар бағасы - 3 990 теңге | Футболкі бағасы - 1 790 теңге Джинс шалбар бағасы - 6 990 теңге Қол сөмке бағасы - 3 290 теңге |
Ал сізге қай образ ұнады?
Арнайы Massaget.kz үшін: Қарлыға Бүйенбай, Жолдас Өрісбаев
Сурет: Massaget.kz
Қ. Бүйенбай