- Негізгі бет
- Сән
- Жазғы сән: Балерина...
Жазғы сән: Балерина болғыңыз келе ме?
Жазғы трендте – балерина белдемшесі. 2016 жылы сәнгерлер балерина белдемшені үшкір балеткамен, кроссовкамен, топтармен киюді ұсынады. Тіпті, былғары күртелермен үйлестіріп кие білген ару өзгелерден нәзіктігімен әрі еркелігімен ерекшеленіп тұрады.
Балетті сүйіп көретіндер ғана пачка белдемшелерін ұнатады деген қағида жоқ. Пачка белдемшелерді ерлер стиліндегі аяқ киіммен киіп жүріп те әдемі көрінуге болады. Бос тұратын футболкамен немесе свитшотпен де үйлестіруге болады.
Түрлі суретпен безендірілген пачка белдемшелер қарапайымдылықты ұнатпайтын арулардың көңілінен шығады. Олардың кейбірі ерекше жиектерімен де көзге түседі.
Ал түсіне келер болсақ. 2016 жылғы тенденция жұмсақ түстерді талап етеді. Сән сөздігінде «пастель түсі» деген атаумен аталып жүрген ашық түстер пачка белдемшелерді де әрлендіре түседі.
Г. Берік