Аты аңызға айналған Мерилин Монроның «Бойжеткендер әлемді таң қалдырсын десеңіздер, аяғына сай келетін дұрыс туфли беріңдер» деген сөздері естеріңізде ме? Расымен де, қыз баласының аяғындағы аяқ киімі және үстіндегі киімі үлкен рөл атқарады. Тіпті, көңіл-күйі де осы киіміне байланысты болуы мүмкін. Бірі – жалақысын, шәкіртақысын ала салысымен киім алуға асықса, екіншілері – сүйіктілеріне немесе ата-анасына еркелеп қалаған мақсатына қол жеткізеді. Киімді қалай алсақ та, ең бірінші талғам керек. Кезекті материалымызда осы талғамға қатысты Апорт моллындағы New Yorker бутигінің мамандары кеңес берді.
"Дүниенің кеңдігінен не пайда, аяғыңда аяқ киімің тар болса" демекші, ең бірінші киім өлшемін дұрыс таңдайық. Кейбіріміздің келесі жылы да киемін ғой, үлкенірегін алайын немесе тырысып тұрғанында еш нәрсе жоқ, тура келмесе сіңіліме бере саламын деп айтатын әдетіміз бар болар.
Енді төмендегі образдарды талдайық.
Менің ойымша, көйлек кез келген бойжеткенге жарасады. Суреттегі алқызыл түсті көйлек жасөспірімдерге сай келеді. Бар болғаны оны бірнеше аксессуармен толықтыру керек.
Келесі образ – джинсы шалбар мен қалың толстовка. Бір қарағанда кэжуал стиліндегі таңдалған киім болғанымен, мойнындағы алқасы аралас көше стиліне жақындатып тұр. Бұл үйлесімді күнделікті кие беруге әбден болады.
Джинсы шалбар бағасы - 10 990 теңге
Қалың толстовка - 2 990 теңге
Үшінші образ – қысқа кеудеше мен ұзын белдемше. Екеуін қалың белдіктің көмегімен біріктіруге болады. Мұнымен қатар, белдемшенің жоғарғы жағына тек қара емес, сұр және ақ түсті кеудеше таңдап кисек те жарасады.
Алқа - 1 590 теңге
Білезік - 890 теңге
Кеудеше - 2 990 теңге
Белдемше - 4 490 теңге
Соңғы образ – спорттық киім. Оның жоғарғы жағын өзге стильдегі киімдермен үйлестіріп, бомбер ретінде киюге болады.
Бомбер - 5 990 теңге
Спорттық шалбар - 4 490 теңге
Жігіттер біз секілді көйлек кие алмайды, есесіне біз олар секілді шалбар кие аламыз. Бірақ, қыз баласының сұлулығы – нәзіктігі мен болмысына сай келетін киімінде екенін ұмытпайық.
Арнайы Massaget.kz үшін: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: ©Жолдас Өрісбаев