- Негізгі бет
- Сән
- Жазғы сән-2016: Сарафан...
Жазғы сән-2016: Сарафан
Ыстық жаз мезгілінде киім жеңіл, ыңғайлы әрі сәнді болғанын қалаймыз. Бұл талаптардың барлығы бір бойынан табылатын киімге сарафанды жатқызуға болады. Бүгінгі материал 2016 жылы сәнде болатын сарафандар туралы.
Жазғы гардеробыңыздың қандай болатынын алдын ала ойластырып қойған жөн. Себебі алдын ала ойластырылған үлгілер мен өзіңізге ұнайтын түстер кез келген жағдайда (серуендеу, жұмысқа бару, қонаққа бару, демалу) көңілге медеу болады.
Сарафан тақырыбына дизайнерлер әртүрлі үлгі ұсынғандықтан, жаз мезгілінде киетін бірнеше үлгісін (әртүрлі стильде, ұзындықта және пішінде) таңдап алсаңыз болады. Сонымен қоса, сарафанды іскерлік немесе романтикалық стильге айналдыратын қосымша әшекейлер алып қойсаңыз, жаз бойы ыңғайлы әрі сәнді көріне аласыз.
Сонымен сарафандардың базалық үлгісінен бастайық. Назарымызды аударатын бірінші талап — ұзындық. Бойы ұзын емес, арық қыздарға дизайнерлер тізе үстінен тұратын микро-сарафандар киюді ұсынады. Мұндай сарафандар сіздерге мінсіз жарасады. Сарафанның бір түсті және өте ірі детальдары болмауын қадағалаңыз. Ол бойжеткендердің нәзіктігін айқындау үшін шілтерлі түрін таңдаған жөн.
Биыл трендке айналған миди ұзындық сарафандарға да жетті. Миди-сарафандармен романтикалық стиль жасау жеңіл. Мұндай срафандар өте жұқа әрі жеңіл маталардан тігіледі.
Жазғы киімдер іішнде сәнді трендтердің бірі — шілтер. Сарафандардың тұтастай немесе қандай да бір бөлігі ғана шілтерден тігілген түрлері кездеседі. Шілтерлі сарафандарды casual стильде немесе кешкі романтикалық стильде де киюге болады.
Биылғы жылы джинс сарафандар сәнге қайта оралды. Дизайнерлер джинс сарафандарының түрлі үлгісін ұсынып отыр. Джинс сарафандар кез келген жастағы қыздарға сәйкес келе береді. Джинс сарафандарының ішінен ақ топ немесе футолка және ақ кроссовка киіп, casual стиль құрастыруыңызға болады.
Жазғы трендтердің бірі — иығы ашық киімдер екенін айтқан болатынбыз. Иығы қиылған сарафандар да сәнге айналмақ.
Егер ұзындығы еденге дейін түсіп тұратын киімдер ұнайтын болса, жоғарыда айтылған кез келген үлгінің сондай ұзындықтағы түрін таба аласыз.
А. Жапатова