- Негізгі бет
- Сән
- Жазғы педикюр: үздік...
Жазғы педикюр: үздік үлгілер
Жұлдыздар тырнаққа арналған ең өзекті лактардың үлгісін көрсетеді.
Жаз – босоножкалар уақыты, сондықтан, бастан-аяқ әдемі көріну үшін бірінші кезекте педикюрге назар аудару керек. Бұл маусымда ерекше педикюрдің маңыздылығы маникюрден кем емес. Қазір көптеген жұлдыз ашық және ерекше түстердің өзектілігін арттырып жүр.
Бүгінде лак түсін киім немесе аяқ киімнің түсіне үйлестіру міндетті емес: педикюр мен маникюр жұптасып, бейненің басты екпіні бола алады. Бірақ сонымен қатар киімнің реңкі мен тырнақ пен аяқтың лагын үйлестіріп, бояулардың жарқын бірігуін қамтамасыз етуге болады. Мысалы, Рита Ора мәңгі өлмес классикалық қызыл лакты сол түстес көйлекке үйлестіріп таңдаған. Ақ босоножкалар әншінің педикюрін айқындап тұрды.
Жалпы қызыл түс лактың ең танымал түсі екенін атап өту керек. Қызылдың қошқыл реңкі – қою қызыл да – өзекті. Актриса Леа Сейдудың ықыласы осы түске түскен екен.
Классикалық ақ пен қара түстер де ара-тұра сәнді трендтердің қатарына енуде. Көбіне жұлдыздар бұл реңктерді аяқ киімнің түсіне қарай үйлестіреді. Осылайша актриса Ариана Гранде қою сары түсті босоножкасына ақ түсті лак таңдаған, ал әнші Азалия Бэнкс қара босоножка мен қара педикюрді үйлестірген.
Аяқ тырнақтарына салынған өрнектер әрдайым өзекті, алайда оларды салу біраз қиын екені жасырын емес. Актриса Джейлен Баррон, мысалы, тек башпайларында ғана суреті бар педикюр ұсынды.
Табиғилық өзектілігін жоғалтпауда – киімдер мен макияждағы nude түсі қазірде маникюр мен педикюрді де жаулап алды. Nude реңктер палитрасы адамдардың тері реңктері сияқты ашық түстен қошқыл түске дейін түрленеді. Мысалы, Кейт Бекинсейл неон-сары баулары бар босоножа таңдап, ақшыл сары лакқа ден қойған, өйткені жарқын маникюр мұнда еш жараспас еді.
Тағы бір танымал тренд – металлик түсі, бұл күміс, алтын, қола және тағы басқа реңктер болуы мүмкін. Люси Хейл металлдай жарқыраған босоножкасына фуксия түстес лак таңдаған.
Актриса Риз Уизерспун қарапайым алқызыл емес, нәзік әрі зиялы реңкті алқызыл лак таңдап, оны ашық алқызыл босоножкамен керемет үйлестірген.
Мисс Франция 2006 Александра Розенфельд көбіне киім-кешекте қолданылатын үрдісті педикюрде пайдаланған. Оның үлгісінде нәзік қызғылт сары түс алқызыл педикюрмен әдемі үйлескен.
Егер сіз аяқтарым көрікті болсын десеңіз, бірақ лактың түсін таңдай алмай қиналсаңыз, Наоми Харрис сияқты әмбебап француз маникюріне ден қойыңыз.
Сурет: www.elle.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина
A. Mustafina