Бұл жазда жұмсақ түсті маникюрлер сәнде болады. Сондықтан классикалық қызыл лагыңызды қоя тұрып, нәзік түстерге орын беріңіз. 1. Маникюрдегі шабдалы реңкті нейл-шеберлер жаздың ең сәнді түсі деп атады. Бұл әйелдің нәзіктігін керемет айқындайтын жылы әрі жазғы реңк. 2. Қанық күлгін түстің орнына нәзік ақшыл көк түс келді. 3. Сүтті реңкті лак күнге күйген қолда әдемі көрінеді. Бұл түс әмбебап болғандықтан, онымен френч жасауға да, сурет салуға да келе береді. 4. Қанық қыша түсті лак жазға арналған керемет таңдау. Оның өзін немесе геометриялық өрнектермен бірге қолдануға болады. 5. Көгілдір түсті маникюр кез келген жазғы киім үлгісіне үйлесе кетеді. Ол қолда нәзік көрінеді.